Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде 500 тоннадан астам өнім ұсынылады

Алматыда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде 500 тоннадан астам өнім ұсынылады
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда алдағы демалыс күндері Түркістан облысының тауарөндірушілері қатысатын кеңейтілген ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Жәрмеңкеге облыстың 16 ауданы мен Түркістан қаласы қатысады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы тұрғындары мен қонақтарына жергілікті өндірушілердің 50-ден астам түрлі өнімі ұсынылады. Олардың ішінде ет-сүт өнімдері, жеміс-көкөніс пен шұжық түрлері, ұн, жарма, өсімдік және малдың майы және күнделікті тұтынуға қажетті өзге де тауарлар бар. Жалпы 500 тонна өнім жеткізіледі. Оның ішінде 100 тонна ет өнімі, 250 тонна жеміс-көкөніс, 30 тонна сүт өнімдері және 120 тоннаға жуық өзге де өнімдер.

Жәрмеңке 27-28 қыркүйекте сағат 8:00-ден 17:00-ге дейін Қазыбек би көшесінде, Абылай хан даңғылынан Панфилов көшесіне дейінгі аралықта өтеді. Келушілер фермерлік өнімдерді делдалсыз, өндірушілерден тікелей қолжетімді бағамен сатып алып, Түркістан облысының ауыл шаруашылығы тауарларының ассортиментімен таныса алады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады