Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда демалыс күнгі жәрмеңкеде 700 тонна жаңа өнім сатылады

Алматыда демалыс күнгі жәрмеңкеде 700 тонна жаңа өнім сатылады
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда демалыс күндері өтетін жәрмеңкеге апта сайын шамамен 700 тонна азық-түлік өнімі сатылады. Атап айтсақ, 340 тоннадан астам ет және ет өнімдері, шамамен 280 тонна көкөніс пен жеміс-жидек, 40 тоннадан астамы сүт өнімдері және 40 тоннаға жуық азық-түлік пен тұздалған тағамдар. Күздің басталғалы жәрмеңкеде Алматы мен Алматы облысы фермерлерінің жаңа егін өнімі ұсынылып отыр, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жәрмеңкені «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы ұйымдастырған. Жыл басынан бері қалада 316 жәрмеңке өткізілді, онда 330-дан астам фермер 1 000-нан астам өнім түрін ұсынған. Өнім ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен және қайта өңдеуші кәсіпорындардан делдалсыз жеткізіледі, бұл нарық бағасынан төмен деңгейде саудалауға мүмкіндік береді.

Жәрмеңке әр сенбі және жексенбі күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін өтеді.

Өтетін орындары:
* Алмалы ауданы — Масанчи көшесі, Гоголь және Әйтеке би көшелерінің арасы;
* Бостандық ауданы — «Қазақфильм» шағынауданы, Исиналиев көшесі;
* Әуезов ауданы — Өтеген батыр көшесі, Абай даңғылынан төмен;
* Медеу ауданы — Меңдіқұлов бульвары, Бектұров көшесінің қиылысы;
* Жетісу ауданы — «Құлагер» шағынауданы, Серіков көшесі, 2.

Апта сайын жәрмеңкеге 30 мыңнан астам адам келеді.

Демалыс күнгі жәрмеңкеден бөлек, жаңа егін өнімдері қаладағы сауда желілерінің сөрелерінде де қолжетімді бағамен ұсынылып отыр.

«Береке Fest» республикалық акциясы аясында сауда желілері қазақстандық өндірушілерге арналған арнайы аймақтар бөледі. Бұл өнімді нарық құнынан төмен бағамен сату, ішкі өндірісті қолдау және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыруға мүмкіндік береді.

Бұған дейін «Береке Fest» аясында Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы, «Алматы» ӘКК және Magnum, Small, Toimart сауда желілері арасында ынтымақтастық туралы меморандумдар жасалған болатын. Келісімдерге сәйкес, сауда үйлеріндегі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесі 10%-дан аспауы керек.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті