Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда көктемнің келуіне байланысты демалыс күндері өтетін жәрмеңкелерде 2000 тонна азық-түлік өнімдері сатылады

Алматыда көктемнің келуіне байланысты демалыс күндері өтетін жәрмеңкелерде 2000 тонна азық-түлік өнімдері сатылады
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматы қаласы мен Алматы облысынан келген 315 фермер мен тауар өндіруші көктемнің алғашқы демалыс күндері жәрмеңкелерде 2000 тонна азық-түлік өнімін ұсынады. Өнімдер 7 және 8 наурызда сатылымға шығарылады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жәрмеңкелерде өнімнің мыңнан астам түрі сатылады. Ассортиментте көкөніс пен жеміс, ет, құс еті, балық, сүт және шұжық өнімдері, жұмыртқа, бакалея тауарлары, бал, өсімдік майы және басқа да азық-түлік түрлері бар.

Бағаны тұрақтандыру тетіктері аясында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы белгілеген қолжетімді бағамен сатып алуға болады.

Делдалдардың болмауы өндірушілерге өнімдерін нарық бағасынан орта есеппен 10-15% төмен бағамен сатуға мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы әр сенбі және жексенбі күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін төрт ауданда демалыс күнгі жәрмеңкелер өткізеді:
* Алмалы ауданы — Масанчи мен Гоголь көшелерінің қиылысы
* Бостандық ауданы — Қазақфильм шағынауданы
* Әуезов ауданы — Өтеген батыр көшесі мен Абай даңғылының қиылысы
* Медеу ауданы — Меңдіқұлов пен Бектұров көшелерінің қиылысы

Биыл жәрмеңкелерді барлық ауданда тұрақты түрде ұйымдастыру жоспарланып отыр. Жаңа алаңдарға Түрксіб, Алатау және Наурызбай аудандары да қосылады. Бұл ауыл шаруашылығы өнімдерінің, әсіресе әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының қолжетімді бағамен сатылуын және қала аумағы бойынша біркелкі таралуын қамтамасыз етуге бағытталған.

Сонымен қатар Бостандық және Әуезов ауданындағы жәрмеңке алаңдарын жаңғырту жұмыстары жоспарланған. Бұл туралы қосымша ақпарат кейінірек жарияланады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі