Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы әкімі коммуналдық жәрмеңкелерді дамыту мәселеcіне арналған кеңес өткізді

Алматы әкімі коммуналдық жәрмеңкелерді дамыту мәселеcіне арналған кеңес өткізді
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды коммуналдық жәрмеңкелерді дамыту және жаңғырту мәселесі бойынша жұмыс кеңесін өткізді. Жиында қазіргі жағдай, жаңа нысандар салу жоспары, сондай-ақ халыққа өнімнің қолжетімділігін арттыру және кәсіпкерлер үшін қолайлы орта жасау жайы талқыланды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қалада заманауи жәрмеңкелердің бірыңғай тұжырымдамасы қалыптасып жатқаны атап өтілді. Бұл стандартталған дизайн енгізу, инфрақұрылымды жетілдіру және сауда үдерісінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған. Жоба аясында аумағы 850 шаршы метрден асатын жаңа сауда алаңдарын ашу жоспарланған. Онда жабық және ашық павильондар, қоғамдық тамақтану орындары, автотұрақтар және көріктендірілген аумақ қарастырылады. Сондай-ақ, 150-ден астам отандық өндірушінің қатысуы қамтамасыз етіліп, әлеуметтік маңызы бар өнімдерді кең ассортиментте әрі қолжетімді бағамен ұсынуға мүмкіндік беріледі.

Кейбер жобаларды қаланың түрлі аудандарында, соның ішінде «Қазақфильм» шағынауданы мен Өтеген батыр көшесі бойында іске асыруға басымдық беріледі. Алдын ала есептеуге сәйкес, жәрмеңкелердің жаңа форматы тұрақты экономикалық модель қалыптастырып, жобаларды кеңейтуге жол ашады.

Қала әкімі құрылыс мерзімін сақтау мен санитарлық әрі құрылыс талаптарын қатаң орындау қажеттігін ерекше атап өтті.

Кеңес қорытындысы бойынша жер телімдерін рәсімдеуді жеделдету, инвесторлармен жұмысты жүйелеу және коммуналдық жәрмеңкелерді басқару тиімділігін арттыру бойынша нақты тапсырмалар берілді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады