Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада волонтерлік қозғалыс қарқынды дамып келеді: еріктілер жыл сайын халықаралық деңгейдегі 150 іс-шараға қатысады

Астанада волонтерлік қозғалыс қарқынды дамып келеді: еріктілер жыл сайын халықаралық деңгейдегі 150 іс-шараға қатысады
Фото: Астана қ. әкімдігі

Елімізде еріктілер қозғалысын дамытуға ерекше мән беріліп отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2026 жыл Біріккен Ұлттар Ұйымы тарапынан Тұрақты даму мақсаттарына арналған «Халықаралық еріктілер жылы» болып жарияланды. Осы бағытта елордада да жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Оның барысы туралы елорданың Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының» басшысы Шыңғыс Тілеулин, «Казспортинвест» АҚ еріктілермен жұмыс жөніндегі бөлім басшысы Байғали Ниязқұлов мәлім етті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Спикерлердің айтуынша, бүгінде Астана волонтерлерін маңызды мемлекеттік іс-шараларда, әлеуметтік мекемелерде және тіпті онлайн кеңістікте де кездестіруге болады. Бұрын Қазақстанда волонтерлік қызметке көбіне студент жастары атсалысса, қазіргі таңда мектеп оқушылары, кәсіпорын қызметкерлері және түрлі кәсіби сала өкілдері де қатысады. Қазіргі волонтерлік қызметтің ауқымы кең. Астана қаласының еріктілері жоғалған адамдарды іздестіруден бастап, төтенше жағдайлар кезінде гуманитарлық көмек көрсетуге дейінгі түрлі бағыттарды қамтып отыр. Сонымен қатар елордада өтетін халықаралық спорттық және мәдени іс-шаралар да волонтерлердің белсенді қатысуымен ұйымдастырылады.

Астанада шамамен 50-ге жуық волонтерлік ұйым мен қозғалыс белсенді жұмыс істейді. Олардың ішінде әлеуметтік осал топтарға қолдау көрсететін «Астана клуб добряков», сондай-ақ жоғалған адамдарды іздестіруде құқық қорғау органдарымен бірлесіп жұмыс істейтін «Астана волонтерлары LIDER.KZ» қозғалысы бар.

«Волонтерлік бастамаларды үйлестіру мақсатында «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының базасында құрылған Қалалық волонтерлер штабы қызмет атқарады. Жетінші жыл қатарынан жұмыс істеп келе жатқан штаб волонтерлік қозғалыстың дамуына серпін беріп отыр. Оның негізгі мақсаты – күш-жігерді біріктіру, ресурстық және ақпараттық қолдау көрсету, сондай-ақ бастамаларды жүйелеп, оларды одан әрі дамыту. Қалалық штаб тұрақты түрде 30 волонтерлік ұйыммен, 20 бастамашыл топпен және 4 үкіметтік емес ұйыммен мемлекеттік жастар саясатын іске асыру саласында, кәсіпорындар мен қала меценаттарымен ынтымақтастық және бірлескен қызметтерді жүргізеді. Штабта белсенді волонтерлер саны 8 000-нан асқан.

2025-2026 жылдары волонтерлік ұйымдармен бірлесіп «BizBirgemiz», «Қауіпсіз қала», «Қамқорлық мекен-жайлары», «Ардагерлерді ардақтайық», «Taza Alem», «Stop Vandal» және т.б. жобалары аясында 1200 акция өткен. Сонымен қатар халыққа көмек көрсетілді. Аталған жобалар шеңберінде халыққа көмек көрсетілді. Атап айтқанда, 3000 азық-түлік себеті таратылып, 3000 ыстық тамақ жеткізілді. Сонымен қатар мұқтаж жандарды киім-кешекпен және жиһазбен қамтамасыз ету, білім беру және адамдарды іздестіру бағытындағы жобалар іске асырылды», – дейді спикерлер.

Маусымдық шаралар да назардан тыс қалған жоқ. Қыс мезгілінде қалалық кәсіпорындардың қолдауымен 70 мекенжай бойынша қар тазалау жұмысы жүргізілген. Ал «Қауіпсіз қала» жобасы аясында тұрғындар арасында тұрақты ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп келеді. Негізгі басымдық төтенше жағдайлардың алдын алу мен қоғамдық қауіпсіздікті арттыруға бағытталған. Сонымен қатар жол қозғалысы ережелері түсіндіріліп, заңсыз жарнамаларды жою жұмысы жүргізілуде. Қалалық инфрақұрылым мен қоғамдық мүлікке ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру да маңызды бағыттардың бірі.

Қалалық волонтерлер штабымен ынтымақтастыққа тек арнайы ұйымдар ғана емес, мемлекеттік құрылымдар мен қала кәсіпорындары да тартылды. «Таза Қазақстан» акцияларына Астананың мемлекеттік мекемелері мен кәсіпорындары қызметкерлерінің қатысуы еңбек ететін азаматтар арасында еріктілік мәдениетін қалыптастыруға оң әсер етті.

Астана еріктілері халықаралық іс-шараларға да белсенді ат салысады. Жыл сайын «Астана жастары» еріктілері халықаралық деңгейдегі 150 іс-шараға тартылады. Оларды қолдау үшін арнайы орындар бөлініп, оқыту алаңдары дамытылып, халықаралық ынтымақтастық кеңейтілуде.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады