Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

«Таза Қазақстан»: еріктілер қарт тұрғындардың ауласының қарын күреді

«Таза Қазақстан»: еріктілер қарт тұрғындардың ауласының қарын күреді
Фото: Астана қ.әкімдігі

«Таза Қазақстан» кең ауқымды экологиялық акциясы аясында еріктілер елорданың Байқоңыр ауданында тұратын қарттардың үйінің ауласын қардан тазартты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Іс-шараны Байқоңыр ауданының әкімдігі мен «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды.Сондай-ақ, іс-шара барысында ұйымдастырушылар қарт тұрғындарға жаңа жылға арналған азық-түлік себетін табыс етті.

«Бұл дәстүрлі жыл сайынғы іс-шара. Біз осындай қайырымдылық шараға қатысып, өз үлесімізді қосқанымызға қуанамыз», – деп атап өтті «Астана жастары» еріктісі Данияр Сүлейменов.

Айта кетейік, «Астана жастары» белсенділері қаланы тәулік бойы қардан тазартатын коммуналдық қызмет мамандарына да көмектесіп жүр. Елорда үшін маңызды жұмысы кезінде еріктілер тұрақты негізде ыстық шай мен бауырсақ тарату акцияларын өткізеді.Қыс мезгілінде елорданың барлық ауданында жалғыз тұратын қарттар мен көп балалы аналардың жеке үйлерінің аулаларында қар тазалау бойынша акциялар өткізіледі.




скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
1 комментарий
  • Jerry
  • 10-07-2026, 14:12
  • : 14:12
References: Legiano Casino Bonus ohne Einzahlung rmnt.ru
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді