Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада Жеңістің 80 жылдығына орай «Қамқорлық мекенжайы» акциясы басталды

Астанада Жеңістің 80 жылдығына орай «Қамқорлық мекенжайы» акциясы басталды
Фото: Астана қ.әкімдігі

Елордада 3 мамыр күні Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай жыл сайынғы «Қамқорлық мекенжайы» акциясы басталды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Іс-шара «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының бастамасымен ұйымдастырылды.Акция аясында еріктілер тыл ардагерлері мен соғыс балаларына Жеңіске қосқан үлестеріне алғыс білдіру үшін барды. Акцияның алғашқы күні еріктілер 12 ардагердің үйіне барып, оларға ҰОС-тағы Жеңістің 80 жылдығына орай медаль, сондай-ақ символдық сыйлық ретінде шай себеттерін табыс етті. «Астана жастары» ЖРО Жастар бастамаларын қолдау бөлімінің басшысы Арайлым Сапарәлі акция тыл еңбеккерлерінің ерлігі туралы естеліктерді сақтауға және құндылықтарды жас ұрпаққа насихаттауға бағытталғанын атап өтті.

«Сұрапыл соғыс пен тар заман уақытында майданның игілігі үшін өлшеусіз еңбек еткен бұл адамдар ерекше көңіл мен құрметке лайық. Біз оларға алғыс айтып, құрмет көрсетуге келдік», - деді ол.

Құттықтағандар арасында балалық шағын соғыс жылдарында өткізген және отбасымен бірге тылда көмектескен Ұлболған Омарқызы да болды. Ол сол уақыттағы қиын кезеңдер, есінде өшпестей болып қалған оқиғалар, Жеңіс күні туралы естеліктері жайлы айтты.Іс-шара 6 мамырға дейін жалғасады және елордада Жеңіс күнін мерекелеуге арналған дайындықтың бір бөлігі болады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады