Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда Халықаралық еріктілер жылы аясында 200-ден астам іс-шара өткізу жоспарланған

Алматыда Халықаралық еріктілер жылы аясында 200-ден астам іс-шара өткізу жоспарланған
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматыда Біріккен Ұлттар Ұйымы жариялаған 2026 жылды Халықаралық еріктілер жылы аясында еріктілік және жастар қозғалысын дамытудың негізгі бағыттары таныстырылды. Бұл туралы Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жастар саясаты басқармасының басшысы Азиз Кажденбек айтты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, Халықаралық еріктілер жылын өткізу туралы шешім Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүргізілген көпжылдық жүйелі жұмыстың арқасы.

«2026 жылдың Халықаралық еріктілер жылы болып жариялануы – символикалық қадам емес, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен іске асырылып келе жатқан жүйелі әрі дәйекті жұмыстың жемісі. Бұл белсенді әрі бей-жай қарамайтын азаматтардың ортақ жетістігі», – деді Азиз Кажденбек.

Оның айтуынша, Алматы еліміздегі еріктілік қозғалысты дамытуда ерекше орын алады. Бұл 700 мыңнан астам жас тұратын және 35 жоғары оқу орны жұмыс істейтін Қазақстандағы ең ірі жастар мегаполисі. Бүгінде Алматы Қазақстанның жастар астанасы және түркі әлемінің жастар астанасы атанған.

Халықаралық еріктілер жылы аясында Алматыда сегіз негізгі бағыт бойынша 200-ден астам іс-шара өткізу жоспарланған. Олардың қатарында экологиялық, әлеуметтік, мәдени және тәлімгерлік жобалар бар.

Сондай-ақ, жыл бойы қалада «100 игі кездесу» жобасы, Birgemiz Inclusion инклюзивті бағдарламасы, «Ұрпақтар диалогы – Алматы» тәлімгерлік бастамасы, жануарларды қорғау, мәдениет, қалалық хакатондар, мурал мен подкаст саласындағы жобалар жүзеге асырылады.

«Бұл іс-шаралардың барлығы еріктілікті азаматтық кемелдіктің қалыпты көрінісіне және жастардың қала дамуына нақты қатысу тетігіне айналдыратын тұрақты жүйе қалыптастыруға бағытталған», – деп сөзін түйіндеді Азиз Кажденбек.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті