Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елордада еріктілер коммуналдық қызметкерлерге ыстық шай мен бауырсақ таратты

Елордада еріктілер коммуналдық қызметкерлерге ыстық шай мен бауырсақ таратты
Фото: kazlenta.kz

15 наурыз – Қайырымдылық жасау күніне орай елордада еріктілердің қатысуымен игі акция ұйымдастырылды. «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының еріктілері коммуналдық қызметкерлерге ыстық шай мен бауырсақ таратты, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Іс-шара «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы және Сарайшық ауданымен бірлесіп ұйымдастырылды. Аталған орталық құрамындағы Еріктілер қозғалысын дамыту бөлімі 2014 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Қазіргі таңда мекемеде 8000-нан астам волонтёр қызмет атқарады.

Бүгін 15 наурыз Қайырымдылық жасау күні, бұл күн еліміздің халқын мейірімділік пен тату өмір сүруге, бейбітшілікке шақырады. Негізгі мақсат - еңбек адамдарына адал еңбектері үшін рахмет айту, кішкене болса да көңілдерін көтеру, - дейді Еріктілер қозғалысын дамыту бөлімінің бас маманы  Айзат Али.

Акция аясында еріктілер коммуналдық қызмет жұмысшыларын ыстық бауырсақ пен шайдан дәм татқызды. Сонымен қатар волонтёрлар күрек алып, аумақты тазалауға  атсалысты.

«Мен осы салада 10 жылдан бері жұмыс істеймін. Бізге еріктілер әрдайым қолдау көрсетеді. Олар мүмкіндігінше қолғабыс көрсетіп, тәттілер таратып, ықыластарын білдіреді. Мұндай шаралар бізге қуаныш сыйлайды және еңбегімізді бағалайтын адамдардың барын сездіреді», – дейді «Целина Сервис» коммуналдық қызметінің қызметкері Дианара Қалиева.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай бастамалар қоғамда мейірімділік пен өзара қолдау мәдениетін қалыптастыруға, сондай-ақ қарапайым еңбек адамдарына құрмет көрсетуге бағытталған. Еріктілер алдағы уақытта да осындай әлеуметтік маңызы бар шараларды тұрақты түрде өткізіп, қоғамға пайдалы істерді жалғастыра бермек.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді