Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Премьер-министр Олжас Бектенов АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джули Стаффтпен кездесті

Премьер-министр Олжас Бектенов АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джули Стаффтпен кездесті
Фото: primeminister.kz

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Америка Құрама Штаттарының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Джули Стаффтпен сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамыту, цифрландыру, жасанды интеллект және ғарыш саласындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың АҚШ-қа сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысы қаралды.

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өткен жылдың қараша айындағы Вашингтонға сапары елдер арасындағы экономикалық әріптестіктің ауқымын айқын көрсеткенін атап өтті. Жалпы сомасы $17 млрд болатын қол қойылған 29 келісім экономикалық байланыстардың кеңеюіне елеулі серпін берді. Қазақстан Үкіметі қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыруға басымдық береді.

«Қазақстан-Америка ынтымақтастығы бүгінде қарқынды дамып келеді. Оның негізінде стратегиялық көзқарасы біздің бірлескен жұмысымызға практикалық сипат беретін мемлекеттеріміздің  көшбасшылары арасындағы берік қарым-қатынас жатыр. Біз жоғары саяси деңгейдегі тығыз диалог екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды тереңдету үшін одан әрі қолайлы жағдай туғызады деп сенеміз», — деп атап өтті Олжас Бектенов.


«Біздің елдер арасында бұрын-соңды болмаған қатынастар қалыптасты. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамптың Бейбітшілік кеңесі және Ибраһим келісімдері жөніндегі бастамасына қатысты нақты ұстанымын білдірді. Мұның барлығы да – тарихи әрі серпінді бастамалар. Қолдау көрсеткені үшін Америка Құрама Штаттары мен Президент Трамп Қазақстанға алғыс білдіреді», — деп атап өтті Джули Стаффт.

2025 жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы $3,19 млрд-қа жетті, ал 2026 жылдың қаңтар-ақпан айларында $487,4 млн-ды құрады. Кездесуде АҚШ-тың Қазақстан экономикасындағы негізгі стратегиялық инвесторлардың бірі ретіндегі маңызы атап өтілді. Қазіргі уақытта елімізде америкалықтардың қатысуымен 600-ден астам компания табысты жұмыс істеп жатыр. Қазақстандық нарықта Chevron, ExxonMobil, Amazon, Citi, Wabtec, John Deere, Boeing, Oracle, PepsiCo және Mars сияқты компаниялардың болуы екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың жоғары әлеуетін растайды.

Кездесу барысында мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі реформалау мен жаңартуға негіз болған жаңа Конституцияның ережелерін жүзеге асыруға да назар аударылды. ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Ата заңымыз саяси тұрақтылықты нығайтып, мемлекет пен қоғамның үдемелі дамуы үшін берік негіз құратынын атап өтті. 

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар сауда-экономикалық әріптестікті одан әрі нығайтуға, сондай-ақ басым бағыттар бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыруға бейілділігін растады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады