Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Америка Құрама Штаттарының Төтенше және Өкілетті Елшісі Джули Стаффтпен кездесті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тараптар сауда-экономикалық, мәдени және гуманитарлық байланысты одан әрі нығайту, сондай-ақ туризм саласындағы әлеуетті кеңейту жайын талқылады.
Айта кетейік, 2025 жылдың қорытындысы бойынша Алматы мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 1 млрд АҚШ долларынан асты. Өткен жылдың 9 айында қалаға АҚШ-тан 18 мыңнан астам турист келген.