Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Олжас Бектенов Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяомен тауар айналымын арттыру бойынша бірлескен жұмыс нәтижелерін талқылады

Олжас Бектенов Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяомен тауар айналымын арттыру бойынша бірлескен жұмыс нәтижелерін талқылады
Фото: primeminister.kz

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжан Сяомен екіжақты сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты арттыру жөніндегі бірлескен жұмыс нәтижелерін талқылады. Кездесу Чжан Сяоның Қазақстандағы ҚХР елшісі ретіндегі дипломатиялық миссиясының аяқталуына орайластырылып отыр, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Олжас Бектенов екі мемлекет басшыларының алға қойған міндеттеріне қол жеткізудегі сындарлы жұмыстарды атап өтті. Соңғы жылдары екіжақты экономикалық байланыстарды нығайтуда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілді. Қарым-қатынастарды ынтымақтастықтың жаңа деңгейіне көтеру тауар айналымын арттыруға, экспортты кеңейтуге және инвестиция тартуға ықпал етеді. Қытай Қазақстанның ірі сауда серіктесі болып қала береді. Транскаспий мультимодальды дәлізі бойынша тасымалданатын жүк ағынын арттыру ынтымақтастық әлеуетін ашудың келешегі зор құралы болмақ.

Өз кезегінде Чжан Сяо жыл басынан бері елдер арасындағы тауар айналымы 12%-ға өсіп,  $36,5 млрд-ты құрағанын хабарлады. Сондай-ақ Қытай елшісі Қазақстан нарығына ірі қытай инвесторларының қызығушылығы артып отырғанын айтты, бұл қолайлы бизнес-климатты көрсетеді.

Әңгімелесу қорытындысы бойынша тараптар жан-жақты сауда-экономикалық әріптестікті одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты