Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Олжас Бектенов пен Михаил Мишустин жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу барысын талқылады

Олжас Бектенов пен Михаил Мишустин жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу барысын талқылады
Фото: primeminister.kz

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен кездесті. Онда жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында тараптар стратегиялық әріптестік пен одақтастыққа негізделген Қазақстан мен Ресей арасындағы сенім мен сындарлы диалогтың жоғары деңгейін атап өтті. 2024 жылдың қорытындысы бойынша өзара сауда көлемі $27,8 млрд-қа жетті, 2025 жылғы қаңтар-мамырда $9,6 млрд-ты құрады.

«Мемлекеттер басшыларының тапсырмасы бойынша біз өзара сауда көлемін $30 млрд-қа дейін ұлғайту бойынша мақсатты жұмыс жүргізіп жатырмыз. Инвестициялық ынтымақтастықта зор мүмкіндіктер бар. Жалпы, екіжақты өзара іс-қимыл мәселелерінің кең ауқымын шешуде ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның тиімді қызметін атап өткім келеді», – деді Олжас Бектенов.

Екі мемлекет арасындағы әріптестікті тереңдету аясында осы жылдың күзінде Орал қаласында өтетін Қазақстан мен Ресейдің XXI Өңіраралық ынтымақтастық форумының дайындық барысына ерекше назар аударылды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар барлық басым бағыттар бойынша екі ел арасындағы өзара тиімді экономикалық ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге дайын екендіктерін жеткізді.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті