Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімі: 40 мыңнан астам тауардың мәртебесі расталды

Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімі: 40 мыңнан астам тауардың мәртебесі расталды
Фото: ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі салалық мемлекеттік органдармен бірлесіп, Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімін қалыптастыру жұмыстарын жүйелі түрде жалғастырып келеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне сілтеме жасап.

Бүгінде тізілімнің ақпараттық жүйесіне (e-ondiris.gov.kz) 26 257 өтінім жолданып, оның 22 мыңнан астамы қаралды. Бұл жалпы өтінімдердің 80%-дан астамын құрайды.

Соның нәтижесінде өндірістік қызметі сараптамадан өткен отандық өндірушілердің ауқымды базасы қалыптасты. Қазіргі таңда аталған базаға 5 834 өндіруші енгізілді. Оның ішінде:

  • 4321-і – толыққанды Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген тауарлардың өндірушілері;
  • 1 513-і – қайта өңделген өнім шығаратын кәсіпорындар.

Жалпы айтқанда, 40 мыңнан астам тауар қазақстандық өнім ретінде танылды.

Отандық өнімді сатып алуға басымдық беру үшін тізілім негізгі сатып алу платформаларымен (ЭГЗ, Samruk Store, Omarket, Mitwork) өзара үйлестірілді. Мәселен, жыл басынан бері «Электрондық мемлекеттік сатып алу» порталында шамамен 24 762 сатып алу, «Самұрық-Қазына» порталында 2 646 сатып алу өткізілді.

Сондай-ақ өндірістік қызметті бағалау нәтижесінде 1 053 компанияның өтінімі кері қайтарылды. Бас тартудың негізгі себептері төмендегідей:

  • цифрлық тексеру нәтижелерінің теріс болуы;
  • өндірістік талаптар мен технологиялық үдерістердің (2025 жылғы 25 қыркүйектегі №392 бұйрыққа сәйкес) расталмауы, оның ішінде ең төменгі шекке, мәліметтер мен ұсынылған бейнематериалдарға сәйкес келмеуі;
  • ұсынылған бейнематериалдардың өндірісті нақты айқындауға мүмкіндік бермеуі немесе бірдей материалдардың бірнеше өтінімде қолданылуы;
  • өнім туралы мәліметтердің, елішілік құндылық деңгейінің және өндірістік қуаттың сәйкессіздігі;
  • толық емес немесе шындыққа сәйкес келмейтін құжаттар мен ақпараттың ұсынылуы;
  • көшпелі тексерулер барысында анықталған бұзушылықтар, соның ішінде бірдей құжаттардың түрлі өтінімдерде пайдаланылуы.

Тізілімді одан әрі жетілдіру және ұсынылатын мәліметтердің шынайылығын арттыру жұмыстары жалғасуда.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады