Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

1800-ден астам индустриялық сертификаттардың иелері Тізілімге автоматты түрде ауыстырылған

1800-ден астам индустриялық сертификаттардың иелері Тізілімге автоматты түрде ауыстырылған
Фото: primeminister.kz

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Қазақстандық тауар өндірушілерінің тізілімі» цифрлық платформасы іске қосылды. Ол e-ondiris.gov.kz сайтындағы барлық пайдаланушыларға қолжетімді және барлық бизнес бүгін тіркеуге өтініш бере алады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Тауарлардың шығу тегін растаудың бұрынғы механизмімен салыстырғандағы Тізілімнің басты айырмашылығы – барлық процесстер толық цифрландырылған. Өтініштерді беру, оларды тексеру және шешім қабылдау толығымен онлайн режимінде жүзеге асырылады, бұл барлық кезеңдерде ашықтық пен бақылауды қамтамасыз етеді», – атап өтті ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев.

Екіншіден, процесс бюрократиядан арылады. Жүйе басқа мемлекеттік базалармен интеграцияланып, құжаттар санын қысқартуға және бизнеске түсетін әкімшілік жүктемені төмендетуге мүмкіндік береді. 

Үшіншіден, бұл қызметті мемлекеттік органдар жеке аудиторлар мен сарапшылардың қатысуынсыз тегін көрсетеді.

Министр жаңа жүйеге тиімді өту үшін бұрын қазақстандық өндірушілер мәртебесін растаған 1800-ден астам индустриялық сертификаттардың иелері Тізілімге автоматты түрде ауыстырылғанын атап өтті. Бұл компаниялар бір ай ішінде жүйеде қажетті мәліметтерді толықтырып, өтінімді ЭЦҚ арқылы растауы қажет. Қазірде жаңа платформада мыңға жуық компания тіркелген.

Жалпы алғанда, Тізілім мемлекеттік қолдаудың нысаналылығы мен ашықтығын және оны нақты өндірістік қызметі бар кәсіпорындарға мақсатты түрде жеткізуді жақсарту үшін құрылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді