Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімі штаттық режимде өтінім қабылдауды жалғастыруда

Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімі штаттық режимде өтінім қабылдауды жалғастыруда
Фото: ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Қазақстандық тауар өндірушілер тізіліміне тіркелген кәсіпорындар саны артып келеді. 2026 жылғы 4 ақпандағы жағдай бойынша «Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімі» мемлекеттік ақпараттық жүйесіне 13 242 өтінім түскен, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне сілтеме жасап.

524 субъектіден берілген 3 463 өтінім қайтарылды, оның ішінде 43 компанияның 208 өтінімі төмен скорингке байланысты қабылданбады. Бұл қорытынды шешім емес, анықталған кемшіліктер түзетілгеннен кейін кәсіпорындар өтінімді қайта тапсыра алады.

Жалпы, бүгінгі таңда Тізілімде 762 субъектіден 3 393 өтінім тіркелген. Қазіргі уақытта ақпараттық жүйе штаттық режимде жұмыс істеп, кәсіпорындардан өтінімдерді қабылдауды жалғастыруда.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Тізілімге қатысты түсіндіру және кеңес беру жұмыстарын жүргізуде. Атап айтқанда, кәсіпорындарға арналған қосымша бейненұсқаулықтар әзірленді. Бірінші бейненұсқаулықта жеке кабинетте өтінімнің мәртебесін қадағалау тәртібі көрсетілсе, екінші нұсқаулықта жүйеден үзіндіні жүктеу тәртібі түсіндірілген.

Бұған дейін Тізілімге тіркелу бойынша қадамдық нұсқаулық дайындалып, бейненұсқаулық Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің, сондай-ақ «QazIndustry» орталығының ресми сайттарында орналастырылған.

Қазақстандық тауар өндірушілер тізіліміне көшу отандық өндірушілерді қолдау мақсатында жүзеге асырылып жатқанын еске саламыз. Жаңа цифрлық платформа деректерді шоғырландыруды қамтамасыз етіп, «жалған өндірушілерді» анықтауға мүмкіндік береді, рәсімдердің ашықтығын арттырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады және мемлекеттік қолдау шараларына қолжетімділікті кеңейтеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады