Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан жергілікті өндірістің өнім шығару көлемін ұлғайтуда

Қазақстан жергілікті өндірістің өнім шығару көлемін ұлғайтуда
Фото: primeminister.kz

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Үкімет отырысында осы жылдың қаңтар–сәуір айының қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібі 7,2%-ды құрағанын атап өтті. Оның айтуынша, аталған кезеңде кәсіпорындар 8,8 трлн теңгеге өнім өндірген, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ең жоғары өсім машина жасау, химия өнеркәсібі, құрылыс индустриясы және жиһаз өндірісі салаларында байқалады.

Оның сөзінше Отандық тауар өңдірушілерді қолдау үшін Мемлекет басшысының тапсырмасы шеңберінде министрлік тарапынан бірқатар шара жүзеге асырылған. Атап айтқанда:

● реттелетін сатып алулар аясында отандық тауар өндірушілерді қолдау;

● ұзақ мерзімді шарттар мен офтейк-келісімдерге қолдау көрсету;

● дайын өндіріс алаңдарын дамыту;

● заңнамалық түзетулерді қабылдау;

● отандық тауар өндірушілер тізілімін іске қосу.

Өткен жылдан бастап отандық тауар өндірушілерді қолдау бағытында белсенді жұмыс жүргізілуде. Бұл жұмыстар, отандық өнімге сұранысты ұлғайтып, кәсіпорындардың тұрақты жұмыс істеуіне ықпал етті. Нәтижесінде жыл басынан өңдеу саласында импорт көрсеткіші төмендеп, отандық өндіріс көлемі ұлғайды. Оң көрсеткіштер металлургия, электрондық және жеңіл өнеркәсіп салаларында байқалады.

Өңдеу өнеркәсібін қолдаудағы тиімді құралдардың бірі – реттелетін сатып алулар. Осы құралдың арқасында отандық тауарлардың 4 800-ден астам позициясына басымдық берілді.

 Осы жылғы 5 айдың қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар отандық тауар өндірушілермен 303 млрд теңге болатын 96 мыңнан астам келісімшартқа отырды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3 есе жоғары.

«Самұрық-Қазына» қоры отандық өндірушілерді қолдау сапасын жетілдіріп, оң нәтиже беруде.

Осы жылы «Самұрық-Қазына» электрондық платформасында 143 мдрд теңге болатын 340 келісімшарт жасалды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,7 есе жоғары.

Жер қойнауын пайдалану саласы еліміздің өнеркәсіп әлеуетін дамытудағы негізгі бағыттардың бірі. 

Осыған орай ірі кәсіпорындар жергілікті өнеркәсіптерге ұзақ мерзімді тапсырыстар беру арқылы, олардың тұрақты жұмыс істеуіне жол ашады.

Жыл басынан жасалған ұзақ мерзімді келісімшарт соммасы 1,8 есе артып, 61,2 млрд теңгені құрады.

Отандық өндірісті дамытуда өнеркәсіптік алаңдардың дайындық деңгейі маңызды рөл атқарады.

Осы мақсатта өткен жылдан бастап өңірлерге инвестиция тарту және шағын-орта бизнесті қолдауға бағытталған шағын өнеркәсіптік аймақтар бағдарламасы іске асырылуда.

Бүгінгі таңда 8 өңірде жалпы аумағы 200 мың шаршы метрден асатын 34 шағын өнеркәсіптік аймақтар жобасы іске асырылып жатыр. Бұл жобаларға бюджеттен 46,6 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Қазірде бұл бағдарламаға бизнес тарапынан жоғары сұраныс болғандықтан, қосымша қаржы бөлу мәселесі қарастырылуда.

Осы жылы Министрлік өндірушілерді қолдаудың нақты шараларымен қатар, өңдеу өнеркәсібін дамыту мақсатында еліміздің барлық резервтерін іске қосуға бағытталған заңнамалық жұмысты күшейтуде. 

Еліміздің ірі тапсырыс берушілер, оның ішінде мемлекеттік органдар мен жер қойнауын пайдаланушылар отандық құндылықтың үлесін арттыру бойынша бағдарламалар әзірлеп, іске асыруы тиіс.

Аталған бағдарламалар «тұрақты» өндірістерді құруды көздейді.

Осы жылы заңнамалық жаңалықтардың бірі – Қазақстандық тауар өндірушілердің Бірыңғай тізілімін құру.

Бұл – өндірушілер мен олардың өнімдері туралы мәліметтерді қамтитын мемлекеттік цифрлық жүйе.

Тізілімді енгізу жинақталған мәліметтер негізінде «жалған өндірушілерді» анықтауға, ашықтықты арттыруға, жемқорлықты азайтуға мүмкіндік береді.

Тізілімге енгізу механизмі төрт кезеңнен тұрады:

Біріншіден, ақпараттық жүйе арқылы өтінім беріліп, деректерді өңдеуге рұқсат беру электрондық цифрлық қолтаңба арқылы расталады.

Екіншіден, мемлекеттік деректер базасымен цифрлық тексеру арқылы ұсынылған мәліметтердің дұрыстығы тексеріледі; 

Үшіншіден, технологиялық операциялардың орындалуы бағаланады, қажет болған жағдайда өндірістік алаңға барып бағалау жүргізіледі;

Төртіншіден, Тізілімдегі отандық тауар өндірушілерге тоқсан сайын мониторинг жүргізіледі.

Биыл 19 мамырда Мемлекет басшысы Тізілімнің жұмыс істеу тәртібін реттейтін Заңға қол қойды. Қаржы министрлігімен бірлесіп, өтінім беру сервисі әзірленіп, скоринг моделі жасалуда.

Отандық өндірушілермен бірге әзірленген модульдер сынақтан өтіп, функционалы пысықталып жатыр. Алдағы уақытта бизнеспен келісілген нормативтік актілерді бекіту және Тізілімді толық іске қосу жоспарлануда.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады