Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Зейнеткерлерге жаңа мүмкіндік: Астанада жүздеген қария тегін үйірмелерге қатысып жүр

Зейнеткерлерге жаңа мүмкіндік: Астанада жүздеген қария тегін үйірмелерге қатысып жүр
Фото: Астана қ. әкімдігі

Астанадағы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында арт-терапия бағытындағы үйірмелер кеңінен дамып, зейнеткерлердің бос уақытын тиімді, әрі мазмұнды өткізуіне зор мүмкіндік беріп отыр. Бүгінде орталықтың аудандық бөлімдерінде әлеуметтік-еңбек бағытында 500-ге жуық зейнеткер дәріс алса, оның ішінде 50-ге жуық қария ағаш өңдеу үйірмесіне тұрақты түрде қатысады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Орталықтағы ең белсенді қатысушылардың басым бөлігі – әйел зейнеткерлер. Олар қолөнерге ерекше қызығушылық танытып, арт-терапия, сурет салу, кескіндеме, «Тігін әліппесі», «Құм терапиясы», ағаш шеберлігі, «Егде жастағы киім үлгісі», «Кілем тоқу», пэчворк және «Шеберлер» клубы секілді түрлі бағыттағы үйірмелерге белсене қатысады.

2024 жылдан бастап Байқоңыр ауданында «80+ Әжелер» клубы жұмыс істеп келеді. Бұл клуб зейнеткерлерге ерекше орта қалыптастырып, олардың өмірлік тәжірибесімен бөлісуіне, шығармашылық қабілеттерін дамытуына жол ашты. Клубтың тұрақты құрамы аптасына бір рет жиналып, ұлттық нақыштағы киімдер мен қолөнер бұйымдарын дайындайды. Атап айтқанда, олар шапан, кимешек, қамзол, сөмке, белдемше, сәнді орамал, құрақ жастық пен панно бұйымдарын өз қолдарымен жасап, жастарға үйретуде.

Сонымен қатар, Байқоңыр ауданында арт-терапия үйірмесінің жетекшісі Альфия Чернятевичтің бастамасымен зейнеткерлер киім пішу мен тігу өнерін меңгеріп, ұлттық киім үлгілерін насихаттап, дефиле көрсетілімдерін ұйымдастыруда. Олар «80+ Sheber Shop» әлеуметтік жобасы аясында өз бұйымдарын көрмелер мен қалалық жәрмеңкелерде ұсынып, табыс табуға да мүмкіндік алып отыр.

Ал Сарыарқа ауданында «Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы аясында ісмер әжелер мектеп оқушылары мен студент жастарға шеберлік сабақтарын өткізуде. 30-дан астам кездесу барысында олар тігіншілік өнердің қыр-сырын үйретіп, әсіресе 2025 жыл – Жұмысшы мамандықтарының жылы аясында сұранысқа ие мамандықтарды насихаттауға үлес қосты. Бұл сабақтар жоғары сынып оқушылары үшін кәсіби бағдар беруде маңызды рөл атқарды.

2025 жылдың тамыз айынан бастап орталықтың Алматы ауданындағы филиалында ағаш өңдеу үйірмесі де өз жұмысын бастады. Үйірмеге тәжірибелі ұста Шахмұрат Абдығалықов жетекшілік етеді. Қатысушылар мұнда табақ, ожау, кесе, қасық, домбыра, қобыз, сазсырнай секілді ұлттық бұйымдарды жасауды үйренуде. Ағашпен жұмыс істеу зейнеткерлер үшін тек қолөнер емес, сонымен қатар тынығудың, көңіл-күйді көтерудің тиімді тәсіліне айналған.

Сабақтар аптасына үш рет өткізіледі, ал барлық үйірмеге қатысу зейнеткерлер үшін тегін. Бұл бастамалар аға буын өкілдерінің белсенді өмір сүруіне, шығармашылық қабілеттерін дамытуына және ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға зор үлес қосып отыр.

Қолөнермен айналысу егде жастағы адамдар үшін өте пайдалы, әрі маңызды іс. Ол тек уақыт өткізу құралы ғана емес, адамның денсаулығы мен көңіл-күйіне оң әсер етеді.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады