Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда 259 мыңнан астам зейнеткер және 42 мың көпбалалы отбасы әлеуметтік қолдаумен қамтылған

Алматыда 259 мыңнан астам зейнеткер және 42 мың көпбалалы отбасы әлеуметтік қолдаумен қамтылған
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының 2025 жылы қазан айындағы дерегінше, Алматыда 259 614 зейнеткер тұрады. Сонымен бірге қалада 42 056 көпбалалы отбасы бар, олардың ішінде «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқамен марапатталған 6 488 ана бар. Бұл туралы Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Басқарма мамандары биылғы тоғыз ай ішінде атқарылған жұмыстар туралы мәлімет ұсынды. Осы кезеңде қаладағы 14 «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығына 8 235 адам жүгінген, оларға жалпы 455,3 мың қызмет көрсетілді. Сонымен қатар мемлекеттік «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығы жұмыс істейді. Оның Бостандық ауданында екі және Медеу ауданында бір бөлімшесі бар. Аталған орталықтарға күн сайын 569 зейнеткер барады, ал биыл 24 153 азаматқа 333,1 мың қызмет көрсетілген.

Отбасы институтын қолдау бағытында «Бақытты отбасы» отбасын қолдау орталығының да жұмысы жалғасып тауып отыр. Қазіргі уақытта бұл орталықта 11 336 адам тіркелген. 41,9 мың адам ақпараттық-ресурстық қолдау алған, 6,1 мың адамға құқықтық және әдістемелік кеңес берілген, 2,7 мың адам оқыту бағдарламалары мен тренингтерге қатысқан, 237 адам жұмыспен қамтылған, ал 45 адамға 400 АЕК-ке дейінгі гранттар берілген.

2025 жылы қаңтардан бастап Алматыда өмірлік қиын жағдайда қалған отбасыларға кешенді көмек көрсететін Отбасын қолдау орталығы жұмыс істейді. Жыл ішінде орталыққа 956 адам тіркеліп, 2,8 мың азамат қолдау алған. 439 адамға психологиялық көмек, 242 адамға құқықтық кеңес көрсетілді, 118 рет мобильді топтардың шығуы ұйымдастырылды, 989 жеке жұмыс жоспары әзірленді.

Балаларға бағытталған «Шыңға өрлеу» әлеуметтік клубы жобасы бойынша қалада 16 бөлімше жұмыс істейді. Аз қамтылған отбасыдан шыққан 2 947 бала осы бағдарлама аясында білім алып жүр. 298 педагог дәріс береді, оның 228-і – халықтың әлеуметтік осал тобы (ХӘОТ) санатына жататын мамандар.

«Тәуелсіз өмір мектебі» жобасымен 432 адам қамтылған. Отбасылар мен балаларды қолдауға бағытталған «Жарқын өмір», «Жаңа өмір» және Isker isi әлеуметтік бастамалары жүзеге асырылуда.

Алматыда «Иппотерапия – бейімделген ат спорты» жобасы да жүзеге асырылып жатыр. Жобаға 50 ерекше қажеттілігі бар бала қатысып отыр. Сонымен бірге Қалалық әлеуметтік интеграция орталығында арт-терапия, театр-терапия және музыка-терапия бағдарламаларына жүздеген тұрғын қатысады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті