Астана қаласы Әкімдігінің «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» қала зейнеткерлерін белсенді өмір салтын ұзарту және бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру үшін Орталыққа шақырады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Зейнеткерлер үшін жаттығу терапиясы, йога, Цигун тыныс алу жаттығуы, кунг-фу, би, скандинавиялық жүріс, арт-терапиясы, еңбек терапиясы, ағылшын, қазақ тілдері, компьютерлік курстар, шахмат, тоғызқұмалақ, вокал үйірмелері жұмыс істейді. Орталық филиалдары Алматы ауданы бойынша Р. Қошқарбаев көшесі, 29/1-үйде, Байқоңыр ауданы бойынша Абай көшесі, 46 үйде, Есіл ауданы бойынша Достық кешесі, 13-үйде, Сарыарқа ауданы бойынша Бейбітшілік көшесі, 25-үйде, Нұра ауданы бойынша Төлеби көшесі, 44-үйде орналасқан.
Орталық дүйсенбі мен жұма күндері аралығында сағат : 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді.