Астана қаласы әкімдігінің «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» КММ қарияларға қамқор болып, қала зейнеткерлеріне әлеуметтік-сауықтандыру, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-еңбек, бос уақыт өткізу бағытында әлеуметтік қызмет түрлерін көрсетеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.
Орталық Астана қаласының әкімдігінің жанынан ашылып, 2022 жылдан бастап құрметті демалысқа шыққан егде адамдардың қоғамнан шет қалмауы үшін бос уақыттарын белсенді де тиімді өткізу мақсатында жұмыс істеп келеді.Бүгінде «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығында 10 030 зейнеткер қызмет алуда. Ең үлкен жастағы қызмет алушы 92 жаста. Жыл басынан бері Орталыққа 1377 адам келіп тіркелген. Әр қызмет алушы бір мезгілде үш үйірмеге жазылып, үш ай көлемінде тегін қызмет ала алады.Позитивті жақсы ой, сергек қимыл, белсенді өмір сүру адамдардың өмірін ұзартады. Ол жалғыздықтан, күйзелістен құтқарады. «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығы осындай пайдалы ниеттен туған бастама.Қала зейнеткерлерін Астана қаласы әкімдігінің «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығы белсенді өмір салтын ұзарту және бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру үшін Орталыққа шақырамыз.Зейнеткерлер үшін жаттығу терапиясы, йога, Цигун тыныс алу жаттығуы, айкүне, кунг-фу, би, скандинавиялық жүріс, арт-терапиясы, еңбек терапиясы, ағылшын, қазақ тілдері, компьютерлік курстар, шахмат, тоғызқұмалақ, вокал үйірмелері жұмыс істейді.Орталық филиалдары Алматы ауданы бойынша Р. Қошқарбаев көшесі, 29/1 үйде, Байқоңыр ауданы бойынша Абай көшесі, 46 үйде, Есіл ауданы бойынша Достық кешесі, 13 үйде, Сарыарқа ауданы бойынша Бейбітшілік көшесі, 25 үйде, Нұра ауданы бойынша Төле би көшесі, 44 үйде орналасқан.12-04-2024, 12:25
Тілдер курсы, шахмат, вокал үйірмелері: Астанада қарияларға арналған орталықтар қызмет көрсетеді
Фото: Астана қ.әкімдігі
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз