Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елордада қариялар арасында скандинавиялық серуеннің танымалдығы артып келеді

Елордада қариялар арасында скандинавиялық серуеннің танымалдығы артып келеді
Фото: Астана қ.әкімдігі

Астанада скандинавиялық серуенмен айналысу үшін Есіл және Нұра аудандарына қарасты Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының зейнеткерлері күн сайын Ботаникалық саябаққа жиналып, таза ауада серуен құрады. Скандинавиялық серуеннен шеберлік сабақтарын спорт саласында 45 жылдан астам уақыт қызмет еткен ардагер-спортшы Туғанай Бейсембаева жүргізеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Бүгінде білікті маманның жаттығу сабақтарына 152 зейнеткер қатысады, олардың арасында ең жасы үлкені – 86 жастағы Сабыржан ақсақал.

«Біз скандинавиялық серуен секциясында 4 топқа бөлініп айналысамыз. Жаттығу сабақтары Ботаникалық саябақ пен «Qazaqstan» жеңіл атлетикалық СК өтеді. Қысты күндері ауа райына байланысты -15 градусқа дейін суықта таза ауада 40-45 минуттай жүруге тырысамыз. Зейнеткерлердің бәрі белсенді, арамызда спорттың осы түрімен 4 жылдан бері айналысып келе жатқандар бар», - деп сөзін түйіндеді орталықтың дене шынықтыру нұсқаушысы Туғанай Қойшықызы.

Бүгінде скандинавиялық серуен секциялары барлық аудандық филиалдарда бар.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады