Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елордалық гимназияда «Мектеп омбудсмені» жобасы іске қосылды

Елордалық гимназияда «Мектеп омбудсмені» жобасы іске қосылды
Фото: Астана қ. әкімдігі

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында елордалық №6 гимназияда «Мектеп омбудсмені» жобасы іске қосылды. Бағдарлама прокуратура және құқық қорғау органдарымен бірлесіп жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Сарыарқа ауданы прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау бөлімінің басшысы Тархан Закариннің айтуынша, жобаның мақсаты – оқушылардың құқықтық мәдениетін нығайту, құқықтық санасын және азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру, құқық бұзушылықтардың алдын алудың тиімді тетігін құру.

«Мектеп омбудсмені – балалар мен ересектер арасындағы байланыстырушы буын. Бала әрдайым өз қиындығын мұғаліміне немесе ата-анасына айта бермейді, мұндай жағдайда сенім артуға болатын, қолдау көрсетіп, көмек бере алатын құрбы-құрдастың рөлі маңызды. Мектепте омбудсмен институтын енгізу буллингтің және басқа да жағымсыз құбылыстардың алдын алып, білім беру ұйымдарында қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыруға ықпал етеді», – деді Тархан Закарин.

№6 гимназияның алғашқы омбудсмендері ретінде жоғары сыныптың бес оқушысы таңдалды.

«Адамның бәрі әртүрлі болғандықтан, олардың арасында жиі келіспеушіліктер туындайды. Ал біз мектепте әрдайым жақсы көңіл-күй орнағанын қалаймыз. Бұл – біздің мақсатымыз. Мектеп парламентінің Instagram парақшасында біздің аккаунттарымыз бен байланыс нөмірлеріміз жарияланған. Біз әрдайым жауап беріп, қолдау көрсетуге дайынбыз», – деді мектеп омбудсмені Лера Солод.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады