Астанада «Заң және тәртіп» қағидаты аясында елордалық прокуратура мен Білім басқармасы ұйымдастырған «Астана – есірткіге қарсы» айлығы жалғасып жатыр. Есірткімен күрес шараларының бірі ретінде студенттер тұратын жатақханаларда профилактикалық рейдтер жүргізілді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Айлықтың басты мақсаты – жастар арасында есірткінің алдын алу бойынша түсіндіру жүргізу, салауатты өмір салтын насихаттау, интернет-кеңістікте есірткіні жарнамалауға тосқауыл қою және кибербуллингтен қорғау. Білім беру мекемелерінде түрлі кездесулер, дәрістер, әңгімелесулер мен интерактивті шаралар өтіп жатыр.Сонымен қатар студенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында құқық қорғау органдары рейдтер ұйымдастыруда.Кеше Сарыарқа ауданының прокуратурасы, полиция қызметкерлері мен кинологтар елордалық колледж студенттері тұратын бірқатар жатақханаға барды.
Айта кетейік, елордада «Заң және тәртіп» қағидаты аясында есірткіге қарсы күреске арналған айлық жалғасып жатыр. Құқық қорғаушылар бірлескен рейдтер жүргізіп, оқу орындарында профилактикалық әңгімелер өткізуде, сондай-ақ тыйым салынған заттарды тарататын интернет-ресурстарды анықтап, жою жұмысын атқарып жатыр.Мұндай шаралар халықтың ақпараттану деңгейін арттыруға, полиция мен қоғам арасындағы сенімді нығайтуға, сондай-ақ есірткі қылмысына және қоғамдық қауіпсіздікке төнетін өзге де қатерлерге қарсы бірлескен күресті күшейтуге зор үлес қосады.