Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Geoscience & Exploration Central Asia 2026: Қазақстанда геолог мамандар келешек талаптарына сай даярлануда

Geoscience & Exploration Central Asia 2026: Қазақстанда геолог мамандар келешек талаптарына сай даярлануда
Фото: ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Астанада өткен Geoscience & Exploration Central Asia 2026 халықаралық геологиялық форумы аясында «Геологиялық ғылым және білім – болашақ мамандарды даярлау» тақырыбында панельдік сессия өтті. Сессия заманауи кәсіби құзыреттерге сұраныстың артуы жағдайында мамандарды даярлаудың жаңа моделін қалыптастыруға арналды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне сілтеме жасап.

Сессияда мемлекеттік органдар, жетекші білім беру және ғылыми ұйымдар, салалық институттар мен компаниялардың өкілдері сөз сөйледі.

Іс-шара қатысушылары геологиялық білім беруді трансформациялау, оқу бағдарламаларын жаңарту, жоғары оқу орындары мен колледждердің материалдық-техникалық базасын жаңғырту, ғылым мен өндірісті ықпалдастыру, сондай-ақ білім беру үдерісіне цифрлық технологияларды енгізу мәселелеріне ерекше назар аударды. Сонымен қатар геомодельдеу, аэрогеофизика және жер қойнауын зерттеудің басқа да заманауи әдістері сияқты басым бағыттарды дамытудың маңызы атап өтілді.

Бұдан бөлек, мамандарды даярлауда халықаралық білім берудің маңыздылығы да ерекше аталды. «Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ басқарма төрағасы Әділ Құсмановтың мәліметінше, қазіргі таңда геология бағыттары бойынша «Болашақ» бағдарламасының 11 стипендиаты білім алуда. Олар АҚШ, Ұлыбритания, Аустралия және Германия елдерінде оқып жатыр. Осы ретте шетелде білім алып, ғылыми тағылымдамадан өткен 50-ден астам түлек даярланған.

Айта кетейік, геологиялық форумға Орталық Азия елдері үкіметтері, мемлекеттік органдар, ұлттық геологиялық қызметтер мен жетекші компаниялардың өкілдері қатысуда. Geoscience & Exploration Central Asia 2026 форумын ұйымдастырушы – Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Геология комитеті мен «Ұлттық геологиялық қызмет» АҚ.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады