Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

«Білім келешегі: Адал азамат, кәсіби маман»: Астанада педагогтердің дәстүрлі форумы өтті

«Білім келешегі: Адал азамат, кәсіби маман»: Астанада педагогтердің дәстүрлі форумы өтті
Фото: Астана қ.әкімдігі

Астанада 2025-2026 жаңа оқу жылы қарсаңында 18-20 тамыз күндері педагогтердің дәстүрлі форумы өтті. Биыл басқосу «Білім келешегі: Адал азамат, кәсіби маман» тақырыбымен ұйымдастырылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Форумда елордалық білім беру жүйесін жетілдіруге арналған нақты жобалар мен бағдарламалар талқыланды. Сонымен қатар білім беру процесі қатысушылары арасында әріптестік қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік жасалды.Форум аясында бірнеше ерекше бағытқа басымдық берілді. «Білім берудегі цифрлық серпіліс: адалдық, кәсібилік, инновация» атты көрмеде заманауи білім беру жабдықтары, тиімді онлайн-платформалар және елордалық мектептердің үздік тәжірибелері таныстырылды.Жас педагогтерге қолдау көрсету мақсатында «Ізденіс. Жаңашылдық. Ынтымақтастық» атты педагогикалық Хакатон ұйымдастырылды.

Панельдік сессиялар жұмысына Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері, мектепке дейінгі ұйымдар, ғылыми-зерттеу орталықтары, тәжірибелі педагогтер, жоғары оқу орындарының ғалымдары мен әдіскерлері қатысты. Жалпы 880 адам оффлайн форматта бас қосты.Сондай-ақ дәстүрлі форумда үш секциялық отырыс ұйымдастырылды:І секция: Педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту Бұл секция мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының әдіскерлеріне арналған. Мұнда педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуын қамтамасыз ететін тиімді тәжірибелер мен механизмдер талқыланды.ІІ секция: Заманауи педагогикалық әдіс-тәсілдер Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілеріне бағытталған. Секция барысында білім беру кеңістігін жаңаша құру, баланың жеке ерекшеліктерін ескеру, инклюзивтілік және цифрландыру мәселелері көтерілді.ІІІ секция: Білім беру ортасын ұйымдастыру Сессия мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналды. Жиында инновациялық технологиялар мен жасанды интеллекті қолдану, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, тілдік және танымдық қабілеттерді дамытуға арналған әдістемелер ұсынылды.Форумнан кейін білім беруді цифрландыруға арналған инновациялық шешімдер енгізіліп, халықаралық әріптестік күшейтілмек. Сонымен қатар мұғалімдердің кәсіби құзыретін арттыруға бағытталған жаңа стратегиялар мен технологиялар тәжірибеге енгізілмек. Бұл форум елордалық білім беру қауымдастығы үшін маңызды алаңға айналды.

Жиын барысында ұсынылған идеялар мен бастамалар білім беру ұйымдарының әдістемелік кеңестерінде өз жалғасын таппақ.«Жұмысшы мамандықтар жылы» секциясы Биыл 18 тамызда техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының қалалық секциясы өтті. Оның тақырыбы «Жұмысшы мамандықтар жылы: коммерцияландыру, интернационалдандыру және жасанды интеллект дәуіріндегі колледждерді басқару».Бұл секцияда мынадай мәселелер талқыланды:

• білім берудегі интернационалдандыру мәселелері;

• колледждердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

• мамандарды даярлауда тиімді басқару;

• инклюзивті білім берудің халықаралық тәжірибесі;

• білім беру мен бизнестің әріптестігін дамыту; 

• «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасын оқу процесіне енгізу.

Форумнан кейін білім беруді цифрландыруға арналған инновациялық шешімдер енгізіліп, халықаралық әріптестік күшейтілмек.

Сонымен қатар мұғалімдердің кәсіби құзыретін арттыруға бағытталған жаңа стратегиялар мен технологиялар тәжірибеге енгізілмек. Бұл форум елордалық білім беру қауымдастығы үшін маңызды алаңға айналды. Жиын барысында ұсынылған идеялар мен бастамалар білім беру ұйымдарының әдістемелік кеңестерінде өз жалғасын таппақ.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті