Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанадағы Мансап орталығының тәжірибесін Қырғызстанда енгізу жоспарланып отыр

Астанадағы Мансап орталығының тәжірибесін Қырғызстанда енгізу жоспарланып отыр
Фото: Астана қ. әкімдігі

Астананың Сарайшық ауданында ашылған Мансап орталығына Қырғыз Республикасының Еңбек, әлеуметтік қамсыздандыру және көші-қон министрі Қанат Сағынбаев тәжірибе алмасу мақсатындағы ресми сапары аясында барды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Бұл орталық елордадағы жаңартылған жұмыспен қамту жүйесінің бір бөлігіне айналды. Қалада барлығы үш Мансап орталығы жұмыс істейді, олардың әрқайсысы екі ауданға қызмет көрсетеді. Бұл тұрғындардың қызметті тұрғылықты жеріне жақын тұстан алуына мүмкіндік береді. Астана қаласының Еңбек мобильділігі орталығының директоры Олжас Омардың айтуынша, негізгі мақсат – жұмыспен қамту шараларына қолжетімділікті жеңілдету және халықты жұмыспен қамту деңгейін арттыру.

«Енді тұрғындарға қаланың басқа бір шетіне барудың қажеті жоқ, қызметтерді елорданың әр бөлігінен алуға болады. Барлық орталықта көрсетілетін қызмет түрлері бірдей, сондықтан кез келген азамат тұрғылықты жеріне қарамастан, қалаған орталыққа жүгіне алады.

Мансап орталығы жұмысқа орналасуға жәрдемдеседі, Enbek.kz порталымен жұмыс істеу бойынша кеңес береді, сондай-ақ мемлекеттік жұмыспен қамту бағдарламаларын жүзеге асырады. Олардың қатарында жастар практикасы, 50 жастан асқан азаматтарға арналған «Күміс жас» жобасы, қысқа мерзімді оқыту және кейін жұмысқа орналастыру мүмкіндіктері бар.

Бұдан бөлек, әлеуметтік осал топтарға қайтарымсыз гранттар қарастырылған. Қолдау көлемі 400 АЕК-ке дейін (шамамен 1,5 млн теңге) жетуі мүмкін», – деді орталық басшысы.

Сапар барысында Қырғызстан министріне орталықтың жұмысы, цифрлық сервистер мен жұмыспен қамтуға бағытталған мемлекеттік қолдау шаралары таныстырылды. Қанат Сағынбаев Астанаға жасаған сапары мансап орталықтарының жұмысын ұйымдастыруға қатысты барлық сұрағына жауап алуға мүмкіндік бергенін атап өтті. Оның айтуынша, орталық жоғары деңгейдегі цифрландыруымен және халыққа қызмет көрсетудегі жүйелі тәсілімен оң әсер қалдырған.

«Әрине, біз Қазақстан тәжірибесінің кейбір элементтерін Қырғызстанда енгізуді жоспарлап отырмыз. Қазақстан Республикасының Еңбек министрлігімен бірлесіп, әсіресе цифрландыру бағытындағы бірқатар шешімді қолданамыз. Бұл салада қазақстандық әріптестер айтарлықтай ілгерілеген. Сонымен қатар ұйымдастырушылық тәсілдер де қызығушылық тудырып отыр, оларды да өз тәжірибемізге бейімдеуге болады», – деді Қанат Сағынбаев.

Еске салайық, Астана тұрғындарының ыңғайы үшін мансап орталықтары үш мекенжайда жұмыс істейді:

• Есіл, Нұра аудандары: Достық даңғылы, 13;
• Сарыарқа, Байқоңыр аудандары: Бейбітшілік көшесі, 9;
• Алматы, Сарайшық аудандары: А.Байтұрсынұлы көшесі, 29/2.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады