Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкент шаһарында 8 мыңнан астам азамат субсидияланатын жұмыс орындарымен қамтамасыз етілді

Шымкент шаһарында 8 мыңнан астам азамат субсидияланатын жұмыс орындарымен қамтамасыз етілді
Фото: pixabay.com

Субсидияланатын жұмыс орындары еліміздегі жұмыссыздықпен күресте жақсы нәтиже беріп отырған бағдарламалардың бірі. Биыл Шымкент қаласында бұл бағытта 8 428 адам жұмысқа орналасқан. 

«2021–2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту» Ұлттық жобасы аясында халықты жұмыспен қамтудың белсенді шараларының бірі – субсиядияланатын жұмыс орындары. Жұмысшылардың жалақысы мемлекет тарапынан ішінара немесе толықтай төленеді. Биыл қалада бұл бағытта 8 428 адам жұмысқа орналасқан. Оның ішінде 292 адам әлеуметтік жұмыс орындарымен, 2 566 адам жастар практикасы және 2 884 азамат ақылы қоғамдық жұмыстармен, 1 852 азамат «Алғашқы жұмыс орындарының жобасы», 23 адам «Ұрпақтар келісім шарты» жобасы және 811 адам «Күміс жас» жобасы аясында жұмыс орындарымен қамтылған.

Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын жүзеге асыруда Шымкент қаласы «Еңбек мобильділігі» орталығына қарасты 5 аудандық «Мансап» орталықтары тұрғындармен етене жұмыс істеуде. Мамандар тұрғындармен кездесіп, үнемі бос жұмыс орындарымен таныстыру барысын жүргізуде. Халықты жұмыспен қамтуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар түсіндіріліп, жұмыссыз азаматтар жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылуда. «Мансап» орталықтарының басты міндеті жұмыссыздарды тіркеп, оларға жұмыс іздеуде және мансабын жоспарлауда көмек беру болып есептеледі. Заңды құқықтары мен жоспарларын айқындап алған азаматтар осылайша екі қолға бір күрек тауып, нәпақаларын айырып отыр.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді