ҚР Тәуелсіздік күні қарсаңында Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлесін қосып, белсенді қызмет атқарған бірқатар сала қызметкерлері кәсіподақ наградаларымен марапатталды. Салтанатты шарада мүгедектігі бар азаматтарға әлеуметтік-оңалту шараларын көрсетіп, халықтың тұрмыс сапасын жақсартуда аянбай еңбек етіп жүрген әлеуметтік сала мамандары марапатқа ие болды.
Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «№2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» басшысының орынбасары Үсенбаев Асқар Амантайұлы - «Қызмет» салалық кәсіподағының «Құрмет грамотасымен» марапатталды.
Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «TEN QOGAM» әлеуметтік қолдау орталығы» басшысының орынбасары Белгібаева Гүлия Байзаққызы «Қызмет» салалық кәсіподағының «Алғыс хатымен» марапатталды.
Шымкент қаласы әкімдігінің “Еңбек мобильдігі» орталығы директорының орынбасары Арқабаев Бағдат Мақсұтұлына «Еңбек озаты» төбелгісі табысталды. Шымкент қаласы әкімдігінің “Еңбек мобильдігі» орталығының Тұран ауданы бойынша “Мансап» орталығының басшысы Алиханов Бекболат Нұрғалиұлы мен Еңбекші аудандық “Мансап” орталығы әлеуметтік көмек көрсету бөлімінің басшысы Тоқболат Нұрбек Тұралыұлы кәсіподақ Филиалының «Құрмет грамотасымен», қалалық “Еңбек мобильділігі” орталығының заңгері Кенжебаев Нұрдаулет Әлібекұлы, Әл-Фараби ауданы бойынша “Мансап” орталығының маманы Шәукенбаева Алмагүл Тойлыбайқызы филиалдың
«Алғыс хатымен» марапатталды.
Осы тұста айта кетейік, биыл Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне -32 жыл толды. Бұл жылдар тарихымызға тағзым, бүгінгі тіршілігімізге шүкіршілік, болашағымызға пайымды бағдар, ертеңімізге нық сенім ұялатуымен ел есінде өз еншісін алмақ. Азаттық мұратына мәңгілік бас иіп өткен бабалардың өсиетіне адал Алаш ардақтыларының ғасырлар бойы аңсаған, біздің заманымыздың бақытты ұрпағына бұйырған бұл тәуелсіздік бізге не берді, қолымыз қандай құндылыққа жетті деген сауалға жауап іздеп, егемендіктің жемісі мен жеңісін ой елегінен өткізіп, таразы басына салғанда көңілімізді мақтаныш пен шаттық кернері сөзсіз.
Тәуелсіздігіміз жаһандағы жалпақ жұртқа паш етіліп, саяси-экономикалық реформалар қарқынды жүргізілген жылдары ел өмірінде түбегейлі бетбұрыстар жасалды. Халық экономикасы нарықтық жолға түсіп, әлеуметтік салада жаңа белестер бағындырылды. Президент бастамаларымен елде көптеген оң өзгерістер орын алуда.
18-12-2023, 11:52
Шымкент: Тәуелсізік күніне орай кәсіподақ наградаларымен марапаттау рәсімі өтті
Фото: Шымкент қаласы әкімдігі
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз