Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қарағандыда мүгедектігі бар адамдарды қолдау орталығы ашылды

Қарағандыда мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру, оларға консультациялық және құқықтық көмек көрсету мәселелері жөніндегі орталық жұмыс істей бастады. Барлық қызметтер тегін көрсетіледі, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Орталықта жұмысқа орналасуға жәрдемдеседі, әлеуметтік қызметтерді ұсыну бойынша виртуалды мемлекеттік сервистермен жұмыс істеуге көмектеседі, цифрлық қолтаңба алуға, сондай-ақ қажетті қызметті ресімдеуге көмектеседі.

– Мүгедектігі бар адамға шұғыл әлеуметтік көмек, әлеуметтік қолдау алу үшін құжаттарды ресімдеуге жәрдемдесу, жұмысқа орналасу мәселелері бойынша және т. б. қажет болуы мүмкін. Біз бұл ретте әлеуметтік қызметтер мен жұмыспен қамту өкілдерімен келіссөздер жүргізіп жатырмыз, орталықтың жұмыс жоспары әзірленді. Жақын арада жұмыспен қамту орталығының, әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау ұйымдарының мамандары қабылдау жүргізеді деп үміттенеміз, сондай-ақ заң консультацияларын өткізуді жоспарлап отырмыз, – деді Қарағанды облысы әкімінің мүгедектігі бар адамдар мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі Нияз Сүндеталиев.

Орталық QAМQOR PLUS мүгедектер қоғамдық бірлестігінің жанында жұмыс істейді.

Мекен-жайы: Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 65/2.

Телефоны: 51-25-93.

Жұмыс уақыты: 09:00-ден 16: 00-ге дейін.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді