Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Бейжіңде Қазақстан-Қытай теміржол көлігі жөніндегі кіші комитеттің 16-шы отырысы өтті

Бейжіңде Қазақстан-Қытай теміржол көлігі жөніндегі кіші комитеттің 16-шы отырысы өтті
Фото: primeminister.kz

Бейжің қаласында Қазақстан-Қытай теміржол көлігі саласындағы ынтымақтастық жөніндегі кіші комитеттің 16-шы отырысы өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшсі ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Отырысқа Қазақстан Республикасы Көлік вице-министрі Жәнібек Тайжанов және Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік теміржол басқармасы басшысының орынбасары У Дэджин тең төрағалық етті.

Отырыс барысында Қазақстан мен Қытай арасындағы теміржол тасымалдарының қазіргі жағдайы мен даму перспективалары, сондай-ақ транзиттік әлеуетті арттыру мәселелері қаралды.

Тасымал көлемінің өсуінің оң серпіні және теміржол инфрақұрылымын жаңғырту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар атап өтілді.

Тараптар Транскаспий халықаралық көлік бағытының стратегиялық маңызын атап өтіп, оны одан әрі дамытуға мүдделілігін растады, оның ішінде Ақтау және Құрық порттарының инфрақұрылымын жаңғырту, 2029 жылға қарай контейнерлік транзит көлемін 3000 пойызға дейін жеткізу көзделуде.

Отырыс қорытындысы бойынша транзитті дамыту және тасымал көлемін ұлғайту жөніндегі ұзақ мерзімді бағдарламаны әзірлеу туралы келісімге қол жеткізілді. Бағдарлама шекаралық және порттық инфрақұрылымды үйлесімді дамыту, көлік-логистикалық хабтарды қалыптастыру және дамыту, сондай-ақ теміржол машина жасау саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуді көздейді. Сонымен қатар, тараптар цифрлық шешімдерді енгізуді жалғастыруға келісті.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады