Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан мен Өзбекстан теміржол тасымал көлемін 60 млн тоннаға дейін арттырады

Қазақстан мен Өзбекстан теміржол тасымал көлемін 60 млн тоннаға дейін арттырады
Фото: ҚР Көлік министрлігі

Еліміздің транзиттік әлеуетін арттыру және транзиттік тасымал көлемін 55 млн тоннаға дейін жеткізу жөніндегі Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын іске асыру аясында Қазақстан Республикасы Көлік министрі Өзбекстан Республикасының Көлік министрімен теміржол тасымалы саласындағы ынтымақтастықты әрі қарай дамыту мәселелері бойынша кездесу өткізді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы теміржол қатынасының стратегиялық маңыздылығын, оның сауда-экономикалық байланыстарды, халықаралық транзитті және аймақтық көлік интеграциясын дамытудағы негізгі рөлін, сондай-ақ тасымал көлемін ұлғайтуға және логистикалық бағыттардың тиімділігін арттыруға үлкен әлеуеті бар екенін атап өтті. 2025 жылғы нәтижелер бойынша екі ел арасындағы теміржол тасымалы көлемі 32,3 млн тоннаны құрап, 2024 жылмен салыстырғанда 16%-ға артты.

Тасымал көлемін тұрақты арттыру және келісілген өткізу қабілеті параметрлеріне қол жеткізу мақсатында тараптар Сарыағаш, Оазис және Сырдария түйіспелерінде инфрақұрылымды дамыту, соның ішінде Дарбаза–Мақтарал учаскесін қамтитын негізгі жобаларды аяқтау көзделген Бірлескен іс-шаралар жоспарын әзірледі.

Анықтама:

Сарыағаш түйіспесінен қазіргі уақытта тәулігіне 36 жұп пойыз өтуде (жоспар – 40-қа дейін), Оазис арқылы – 2 жұп пойыз (жоспар – 10-ға дейін), Сырдария арқылы – Дарбаза–Мақтарал учаскесі іске қосылғаннан кейін тәулігіне 10 жұп пойыз.

Кеңес барысында инфрақұрылымдық және жөндеу жұмыстарын үйлестіру, бақылау рәсімдерін жетілдіру, технологиялық өзара іс-қимылды оңтайландыру және тасымал процесінің жалпы тиімділігін арттыру мәселелері де қаралды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты әрі қарай кеңейтуге және тасымал көлемін кезең-кезеңімен арттыруға өзара мүдделілігін растады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті