Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан мен Түркия аралас жүк тасымалын дамыту жөніндегі бірлескен комитет құрады

Қазақстан мен Түркия аралас жүк тасымалын дамыту жөніндегі бірлескен комитет құрады
Фото: ҚР Көлік министрлігі

Көлік вице-министрі Сәтжан Аблалиев Парламент Сенатында Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасының үкіметтері арасындағы жүктерді халықаралық құрама тасымалдау туралы келісімді ратификациялау туралы Заң жобасын ұсынды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Заң жобасы әртүрлі көлік түрін пайдалана отырып, жүк тасымалдарын жеңілдетуге және Қазақстан мен Түркия арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған. Келісімді ратификациялау екі ел арасында автомобиль, теміржол және су көлігімен орындалатын жүктерді тасымалдау көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Көлік министрінің орынбасарының айтуынша, аталған құжат Каспий теңізінде тұрақты теміржол-паромдық операцияларды, мемлекеттерді қосатын теміржол желілерінде, атап айтқанда халықаралық контейнерлік блок-поездар үшін тиісті байланыстар мен транзиттік қызметтер көрсетуді көздейді, сондай-ақ кедендік ресімдеу ережелерін ескере отырып, екі ел арасында жүктерді тасымалдау шарттарын айқындайды.

«Қазіргі уақытта біз аралас Транскаспий халықаралық көлік бағыты арқылы Қытайдан Еуропаға жүктерді жеткізу мерзімдерін қысқарту бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз. Оған теміржол, автомобиль және су көлігі қатысады. Қазірдің өзінде маршрут бойынша жүктерді өткізу және тауарларды жеткізу мерзімі 19-23 күнге дейін қысқартылды, оның ішінде 6 күн - Қазақстан аумағы бойынша. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 есе жылдам. Бұл келісім Транскаспий халықаралық көлік бағытының дамуына әсер етеді», – деді С.Аблалиев.

Ол келісімді орындау барысындағы мәселелерді реттеу үшін тасымалдауды дамыту жөніндегі бірлескен комитет құрылатынын айтты. Оның басты міндеті транзиттік тасымалдардың жылдамдығы мен сапасын арттыру болады.

Көлік министрлігінің мәліметінше, келісімді ратификациялау бойынша жұмыстар қазіргі уақытта Түркия елінде де жүргізіліп жатыр.

 

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді