Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша Қытайдан жүк ағынының көлемі артады

Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша Қытайдан жүк ағынының көлемі артады
Фото: ҚР Көлік министрлігі

Көлік министрлігінде Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы ТХКБ бойынша жүктерді тасымалдау жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысы өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Тараптар Қытай – Еуропа қатынасында және 2029 жылдың соңына дейін кері бағытта Қытайдан ТХКБ бойынша жүк ағынының болжамды көлемін талқылады. Осылайша, тараптар бірлесіп 2025-2026 жылдары ТХКБ бойынша тасымалдау көлемін жыл сайын 600 контейнерлік пойызға дейін, 2027 жылы 1000-ға дейін және 2029 жылы 2000-ға дейін ұлғайтады. Бұдан бөлек, қазақстандық тарап контейнерлерді уақтылы тасымалдау және транзиттік контейнерлік пойыздар санының өсуіне сәйкес кідірістерге жол бермеу үшін отандық порттарда тиісті инфрақұрылымды қамтамасыз ету жөнінде тиісті шаралар қабылдайды. Мәселен, 2025 жылы жылына кемінде 50 мың стандартты контейнерді, 2026-2029 жылдары жылына кемінде 85 мың контейнерді ауыстырып тиеу жүзеге асырылады деп болжануда.
"Бүгін біз Еуропа, Орталық Азия және Қытай арасындағы транзиттік ағындарды қамтамасыз ету үшін белсенді жұмыс жүргізіп жатырмыз. 2023 жылы тасымалдау көлемі 2,76 млн. тоннаны құрады, бұл 2022 жылдан 65%-ға жоғары (1,7 млн. тонна). Маршруттың қазақстандық учаскесінде «Достық – Мойынты» теміржол учаскесінің екінші жолдарын, «Алматы» айналма теміржол желісін, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы Дарбаза – Мақтарал жаңа теміржол желісін салу сияқты бірқатар жобаларды іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ Ақтау және Құрық теңіз порттарының әлеуетін арттыру бойынша шаралар қабылдануда. Ақтау портында «Контейнерлік хаб» салынады, бұл тасымалдау көлемін жылына қосымша 300 мың ЖФЭ-ге дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Құрық портында ағымдағы жылы астық терминалы іске қосылады. «Саржа» көпбейінді терминалының құрылысы жүргізілуде. Кемелердің 6 метрге дейін кіруі үшін жеткілікті тереңдікті қамтамасыз ету үшін 2024 жылы Құрық портын түбін тереңдету жүргізіледі. Осындай жұмыстарды Ақтау портында да жүргіземіз. Бұл шаралар Қазақстан порттарының өткізу мүмкіндігін жылына 30 млн.тоннаға (+10 млн. тонна) дейін арттыруға мүмкіндік береді", - деп атап өтті қазақстандық тарап.
 Екі тарап көлік және көлік инфрақұрылымын дамыту саласындағы екіжақты қатынастарды дамытудың оң динамикасын атап өтті.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі