Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Полиция интернет-алаяқтықтың жаңа схемасы туралы ескертеді

Полиция интернет-алаяқтықтың жаңа схемасы туралы ескертеді
Фото: polisia.kz

Полиция интернет-алаяқтықтың жаңа схемасы туралы ескертеді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Шетелдік дереккөздердің мәліметінше, интернет-алаяқтар мессенджерлер мен SMS арқылы “өткізіп алған жеткізілім” туралы жалған хабарламаларды жаппай таратуда. Алғаш қарағанда мұндай хабарламалар зиянсыз болып көрінеді және курьерлік қызметтердің стандартты ескертулеріне ұқсайды. Хабарламада курьердің сәлемдемені жеткізе алмағаны және жеткізілімді қайта рәсімдеу үшін сілтеме арқылы өту қажет екені көрсетіледі.

Алайда көрсетілген сілтеме пайдаланушыны логистикалық компаниялардың ресми сайттарына ұқсатып жасалған жалған интернет-ресурстарға бағыттайды. Мұндай сайттарда азаматтардан жеке мәліметтерін (аты-жөні, ЖСН, тұрғылықты мекенжайы), сондай-ақ жеткізілімді қайта рәсімдеу үшін аз көлемде төлем жасау талап етіледі. Аталған мәліметтерді енгізіп, төлем жасағаннан кейін қаскөйлер азаматтардың құпия және банк деректеріне қол жеткізеді. Бұл қаржылық шығындарға ғана емес, дербес деректердің кейіннен заңсыз мақсатта пайдаланылуына әкелуі мүмкін. Осыған байланысты азаматтарға келесі қауіпсіздік шараларын сақтау ұсынылады:

– егер сіз ешқандай жеткізіп беруді күтпесеңіз, күмәнді хабарламадағы сілтемелерге өтпеңіз;

– сайттың мекенжайын мұқият тексеріңіз — алаяқтық ресурстар көбіне бір-екі таңбамен ғана ерекшеленеді;

– күмәнді сайттарға жеке және банк деректерін енгізбеңіз;

– жеткізіп беру мәртебесін тек ресми сайттар мен қосымшалар арқылы тексеріңіз;

– күмәнді хабарламаларды елемей, бұғаттаңыз.

Цифрлық қауіпсіздік талаптарын сақтау — қаржылық шығындар мен жеке деректердің таралуынан қорғанудың ең тиімді жолы.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады