Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Полиция домофон компаниялары атынан жасалатын жаңа алаяқтық туралы ескертеді

Полиция домофон компаниялары атынан жасалатын жаңа алаяқтық туралы ескертеді
Фото: Polisia.kz

Полиция домофон компаниялары атынан жасалатын жаңа алаяқтық туралы ескертеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полиция тұрғындарды домофон қызметтерімен байланысты жаңа алаяқтық әдісі туралы ескертеді. Бейтаныс тұлғалар азаматтарға қоңырау шалып, өздерін домофондарды техникалық қызмет көрсететін компаниялардың қызметкерлері ретінде таныстырады. Алаяқтар "қосымша кілттер жасау" немесе "кілтсіз кіру қызметін қосу" сияқты жалған қызметтерді ұсынады. Ол үшін подъезд есігін кілтсіз ашуға мүмкіндік беретін алты таңбалы жеке код жіберетінін айтады. Олар әр пәтердің жеке коды болатынын және бұл жаңа, ресми қызмет екенін алға тартады. Алайда шын мәнінде мұндай сервис мүлдем жоқ.

Азаматтың келісімін алған соң алаяқтар жеке деректерді жинауға кіріседі. Полиция тұрғындарды барынша сақ болуға және мұндай қоңырауларға сенбеуге шақырады. Нағыз домофон компаниялары ресми шартсыз код арқылы қолжетімділік қоспайды, телефон арқылы жеке деректерді сұрамайды және қызметтерді ұсынбайды. Күдік тудыратын қоңыраулар түскен жағдайда әңгімені дереу тоқтатып, бұл туралы 102 нөміріне немесе жақын маңдағы аумақтық полиция бөлімшесіне хабарлау ұсынылады. Полиция департаменті алаяқтықтың алдын алу шараларын жалғастыра отырып, сақтық — қауіпсіздіктің басты шарты екенін еске салады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады