Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда пәтерді жалға беремін деп тұрғындарды алдаған интернет-алаяқ ұсталды

Алматыда пәтерді жалға беремін деп тұрғындарды алдаған интернет-алаяқ ұсталды
Фото: Polisia.kz

Алматыда пәтерді жалға беремін деп тұрғындарды алдаған интернет-алаяқ ұсталды, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алатау аудандық полиция басқармасының қызметкерлері интернет арқылы алаяқтықпен айналысқан жас жігітті ұстады. Ол тұрғындарға пәтерді жалға беремін деген желеумен жалған хабарландырулар орналастырып, алдын ала төлем алғаннан кейін телефонын сөндіріп, ізін суытқан. Қазіргі уақытта оның бірнеше қылмыс эпизодына қатысы бары анықталып отыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

- Мұндай қылмыстармен күрес Мемлекет Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмалары аясында жүзеге асырылуда. Бүгінде интернет азаматтар үшін қолайлы құрал ғана емес, алаяқтар үшін де қылмыс алаңына айналып барады. Сол себепті қала тұрғындарын кез келген онлайн-келісім кезінде аса мұқият болуға шақырамын. Бейтаныс адамдарға ақша аудармаңыздар, хабарландырулардың шынайылығына көз жеткізіңіздер және әрқашан сақтық танытыңыздар. Тек осылай ғана өзімізді және жақындарымызды қорғауға болады, – деді Алатау аудандық полиция басқармасының бастығы Еділхан Байгараев. 

Алматы қалалық полиция департаменті ескертеді: егер сіз интернет-алаяқтардың құрбаны болсаңыз, дереу "102" нөмірі арқылы полицияға хабарласыңыз.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады