Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда дағдарысқа тап болған отбасыларға кешенді қолдау көрсетілуде

Алматыда дағдарысқа тап болған отбасыларға кешенді қолдау көрсетілуде
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында «Алматы қаласының Отбасын қолдау орталығы» КММ-нің қала тұрғындарына дағдарысты еңсеріп, отбасын сақтауға қалай көмектесіп жатқанына мысал келтірді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Орталықтың директоры міндетін атқарушы Ақмолжан Зариповтың айтуынша, олар көмек көрсетіп қана қоймай, отбасылық байланысты да қалпына келтіріп, азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға да атсалысады.

«Біздің мақсатымыз – отбасына дағдарыстан шығуға көмектесіп, оны әлеуметтік құндылық ретінде сақтау», – дейді ол.

Көрнекті мысалдың бірі – жаңа туған нәрестеден бас тартқан жас анамен жүргізілген жұмыс. Психологиялық қолдау мен сүйемелдеудің нәтижесінде әйел райынан қайтып, баласын қайтарып алып, оны өз бетінше тәрбиелеуге кірісті. Сонымен қатар, Орталық әлеуметтік және медициналық мәселелерді шешуге де жәрдемдеседі. Мәселен, Алматы қаласының бір тұрғынына көру қабілеті бойынша мүгедектік рәсімдеуге көмектесіп, соның арқасында ол тиісті мемлекеттік төлемдер мен ем алуға мүмкіндік алған.

Ал басқа жағдайда көпбалалы отбасыға баланың мүгедектік тобын күшейтуге жәрдем беріліп, бұл мемлекеттік қолдауға қолжетімділікті кеңейтті. Жұмыспен қамту бағыты да маңызды орын алады. Орталықтың көмегімен көпбалалы ана күтуші-тәрбиеші болып жұмысқа орналасты. Әлеуметтік қолайсыздықтың алдын алу – негізгі бағыттың бірі. Орталық полиция, білім беру мен медициналық ұйымдармен бірлесіп, ақпараттық науқандар мен оқыту іс-шараларын да өткізеді.

«Кеңес беруден бастап сүйемелдеуге дейінгі кешенді тәсіл нәтижедлі екенін көріп отырмыз. Адамдар қазір жүйеге сенім артып, көмекке жүгініп жатыр», – дейді спикер.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады