Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда емханалар жанында 14 жастар денсаулық орталығы жұмыс істейді

Алматыда емханалар жанында 14 жастар денсаулық орталығы жұмыс істейді
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда 14 медициналық ұйым жанынан жастар денсаулық орталығы ашылды. Мұнда 10 бен 29 жас аралығындағы қала тұрғындары міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) аясында медициналық, психологиялық және әлеуметтік көмек ала алады. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мұндай орталықтардың негізгі міндеті – жасөспірімдер мен жастарға дәрігерлер мен психологтардан кеңес алуға, жеке және әлеуметтік мәселелерді шешуге, салауатты өмір салты туралы білім алуға мүмкіндік беретін сенімді орта қалыптастыру. Мұнда өтініштердің құпия түрде қарастырылуына кепілдік беріледі.

Репродуктивті денсаулыққа, жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алуға және отбасыларға психологиялық қолдау көрсетуге баса назар аударылады. Жеке консультациялардан басқа мамандар тренингтер, семинарлар, спорттық және мәдени іс-шаралар ұйымдастырады.

№36 қалалық емхана жанындағы «Салауатты жастар» орталығы сондай табысты жобалардың бірі. Былтыр ғана бұл орталықтың қызметін шамамен 2,5 мың алматылық пайдаланған. Оның базасында құрылған еріктілер клубында Наурызбай ауданының оқушылары топпен жұмыс істеуді, көшбасшылықты және әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруды үйренеді.

«Бұрын дәрігерге сұрақ қоюға қымсынатынмын. Ал бұл орталықта өзімді еркін сезінемін. Мұндағы мамандардың бәрі ашық-жарқын. Әңгімелесіп, сырласуға да болады. Бұл маған үлкен қолдау береді», – дейді орталыққа келуші жастың бірі.

Айта кетейік, жастар денсаулық орталықтары №4, 5, 7, 11, 12, 16, 23, 26, 29 және 36 қалалық емханаларда, сондай-ақ, Медеу аудандық ҚПМСК-де, «Almaty clinic» медициналық орталығында, ҚАҰӨО мен «Медсервисхирургияда» жұмыс істеп тұр. Бұл орталықтарға жасөспірімдер мен жастар тіркеуіне немесе тұрғылықты жеріне қарамастан жүгіне алады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті