Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда қиын жағдайға тап болған студенттерге арналған дағдарыс орталығы ашылды

Алматыда қиын жағдайға тап болған студенттерге арналған дағдарыс орталығы ашылды
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда қиын жағдайға тап болған студенттерге қолдау көрсететін жаңа дағдарыс орталығы ашылды. Ол М. Тынышпаев атындағы ALT университетінің №4 жатақханасында (Масанчи көшесі, 88) орналасқан, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жоба ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен жүзеге асты. Орталық 55 орынға есептелген.

Мұнда студенттерге психологиялық және әлеуметтік көмек көрсетіледі, уақытша баспана беріледі. Құпия кеңес беретін кәсіби психолог жұмыс істейді. Сондай-ақ заңгерлік және медициналық көмекке жолдама алу мүмкіндігі бар.

Жатақханада жайлы тұруға қажетті жағдайдың бәрі жасалған. Орталықта қауіпсіздік, өзін-өзі қолдау тақырыбында тренингтер мен ақпараттық іс-шаралар өткізіліп тұрады.

«Жастарды әлеуметтік қолдау – мемлекетіміздің стратегиялық басымдықтарының бірі. Әсіресе студенттер үшін қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастырудың маңызы зор. Дағдарыс орталығының ашылуы – бұл тек уақытша баспана ұсыну емес, сонымен бірге жастардың қиын кезеңнен шығуына нақты көмек көрсету, олардың әлеуетін сақтап қалуға мүмкіндік беру. Біздің мақсатымыз – әрбір студенттің өз білімін жалғастыруына, қоғамдағы белсенділігін төмендетпей, өз болашағына сеніммен қадам басуына жағдай жасау», - деді Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы Азиз Кажденбек.

Сонымен қатар Алматыдағы барлық 35 жоғары оқу орнында Ахуалдық орталықтар жұмыс істейді. Олар студенттердің өтінішін қабылдап, мәселелерін дер кезінде шешуге ықпал етеді.

Айта кетейік, 22 тамыз күні Алматы қаласындағы студенттік жатақханаларға арнайы мониторинг жүргізіліп, студенттердің жайлы тұрмыстық жағдайын қамтамасыз ету, қауіпсіздік пен тұрмыстық инфрақұрылымға байланысты мәселелер талқыланды.

Толық ақпарат: 8 702 286 25 20
Мейіржан Келемеденов,
Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының баспасөз хатшысы.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті