Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жамбыл облысында 57,3 мың жұмыс орны құрылды

Жамбыл облысында 57,3 мың жұмыс орны құрылды
Фото: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жамбыл облысында биыл әлеуметтік салаға 46,6 млрд теңге бөлінді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,1 есе артық,деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орнын құру жөніндегі тапсырмасына сәйкес жаңа кәсіпкерлік бастамаларды қолдау арқылы жоспарланған 12,5 мыңның орнына 16,5 мың жаңа жұмыс орны ашылды, – деді өңір басшысы Ербол Қарашөкеев ОКҚ-де өткен брифинг барысында.

Өңірлік жұмыспен қамту картасы аясында 57,3 мың жұмыс орны құрылды, оның 40,4 мыңы – тұрақты (жоспар – 65,6 мың, оның ішінде тұрақтысы – 48,4 мың).

Жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 42,8 мың адам қамтылды, олардың қатарында 1,1 мың мүмкіндігі шектеулі азамат бар.

Атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 29,5%-ға азайды. Бұл – халықтың өз табысын арттыруға мүмкіндік алып жатқанын көрсетеді.

Аймақта 11 отбасын қолдау орталығы ашылып, қиын жағдайға тап болған 826 отбасы қажетті көмек алды.

Жыл соңына дейін Тараз қаласында 200 орындық Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы ашылады деп жоспарлануда.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады