Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

«Наурыз шоу»: Қазақ мемлекеттік циркі алматылықтарға бірегей бағдарлама ұсынды

«Наурыз шоу»: Қазақ мемлекеттік циркі алматылықтарға бірегей бағдарлама ұсынды
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматыдағы «Алатау» дәстүрлі өнер театрының алдындағы алаңда Қазақ мемлекеттік циркінің ұжымы 700 орындық көшпелі шапито шатырын тігіп, қала тұрғындарына «Наурыз шоу» бағдарламасын ұсынды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Көшпелі форматтағы цирк қойылымы алматылықтар мен қала қонақтарына ерекше эмоция сыйлап, мерекелік көңіл күйді арттыра түсті. Арнайы жабдықталған шатырда өткен бағдарлама дәстүрлі цирк өнерін жаңа қырынан танытып, көпшіліктің қызығушылығын оятты.

Шоу барысында акробаттар мен әуе гимнастары, жонглерлер мен эквилибристер, сондай-ақ көңілді сайқымазақтар өнер көрсетті.

«Бұл Қазақ мемлекеттік циркінің көшпелі кешені, яғни «шапито» форматы. Шатыр шамамен 700 көрерменге арналған», — деді Қазақ мемлекеттік циркінің директоры Мақсат Жайықов.

Оның айтуынша, ұсынылған бағдарламаны халықаралық деңгейдегі қойылым деуге болады. Оған ірі ареналарда өнер көрсетіп жүрген тәжірибелі шетелдік артистер де қатысуда.

«Бағдарламада цирк өнерінің әртүрлі жанрын қамтуға тырыстық: үйретілген иттердің өнері, акробатикалық нөмірлер, гимнастика, эквилибр, әуе гимнастарының қойылымдары. Сондай-ақ, көрермендер жонглерлердің өнерін тамашалай алады. Бұл нөмірлерді қала тұрғындары мен қонақтарына мерекелік сый ретінде дайындадық. Алдағы уақытта да балаларға қуаныш сыйлай береміз», — деді ол.


«Қызым екеуміз циркке алғаш келіп тұрмыз. Әсіресе, акробаттардың шеберлігі ерекше ұнады. Қызым қатты әсер алды. Жалпы бағдарлама балаларға ғана емес, ересектерге де қызықты. Барлығы жоғары деңгейде ұйымдастырылған», — деді қойылымға қызымен бірге келген Алматы тұрғыны Сәбира Құмғанбаева.

Айта кетейік, «Наурыз шоу» бағдарламасы көшпелі шапито форматында 21-25 наурыз аралығында өтеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады