Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы циркінің жас артисі Әли Салаватов әлемдік аренада үздік үштікке енді

Алматы циркінің жас артисі Әли Салаватов әлемдік аренада үздік үштікке енді
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы қаласы Мәдениет басқармасына қарасты Қазақ мемлекеттік циркінің жас талантты өнерпазы, цирк әулетінің жалғастырушысы, Ж.Елебеков атындағы РЭЦК студенті, 16 жастағы Әли Салаватов Ресейдің Тула қаласында өткен «На языке мира» V Халықаралық балалар мен жастар цирк өнері фестивалінде қола жүлде алды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған фестиваль әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған жас артистердің шеберлігін көрсететін маңызды халықаралық алаң. Іс-шараға жонглерлер, акробаттар, сайқымазақтар, эквилибристер және цирк өнерінің басқа да бағыттары бойынша көптеген елден дарынды қатысушылар жиналды. Биылғы фестиваль манежде 200-ден астам жас өнерпазды біріктірді.

Әлидің «Еденге соқпалы доптармен жонглёрлік өнер» атты көркем нөмірі қазылар алқасы мен көрермендерді ерекше шеберлігімен, орындау дәлдігімен және жарқын энергиясымен баурап алды. Фестивальдегі жоғары бәсекелестік деңгейі бұл жетістіктің құндылығын одан әрі арттырып, жас артистің талантын айқын көрсетті.

«Мен үшін бұл жеңіс – жаңа мүмкіндіктерге жол ашқан ерекше сәт. Қолдаған ұстаздарыма, ұйымдастырушыларға және жанкүйерлерге шын жүректен алғыс айтамын. Алдағы уақытта бұдан да биік асуларды бағындыруға ұмтыламын», - деді жас артист.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді