Астанада аты аңызға айналған Мұтырғановтар әулеті жетекшілік ететін «Ретро Шапито циркі» өз гастрольдерін тәмамдады. Қорытынды қойылымнан кейін әртістер республикалық экологиялық «Таза Қазақстан» акциясын қолдап, аренаны ретке келтірді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Гастроль барысында елордалық көрермендер акробаттар, жонглерлер, иллюзионистер мен клоундардың ерекше өнерін тамашалады. Мұтырғановтар әулетінің өнерпаздары шоуға келген қонақтарды әрдайым таза аренада қарсы алды. Акция аясында әртістер қойылымнан соң аренаны өздері жинап қана қоймай, көрермендер де сырт қалмай, трибуналарды қоқыстан тазартып, туған қаласына деген қамқорлық пен жанашырлық танытты.Кеше, 17:30
«Ретро Шапито циркі» Астанадағы гастролінің соңында «Таза Қазақстан» акциясын өткізді

Фото: Астана қ.әкімдігі
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз