Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда 200-ден астам өнерпаз Абайдың 180 жылдығына орай әсерлі театрландырылған қойылым ұсынды

Алматыда 200-ден астам өнерпаз Абайдың 180 жылдығына орай әсерлі театрландырылған қойылым ұсынды
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда тұңғыш рет ұлы қазақ ақыны, ойшылы және ағартушысы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай арнайы әзірленген «Алаштың Абайы» атты театрландырылған-концерттік қойылым көрерменге жол тартты. Республика сарайының сахнасында қазақ өнерінің майталмандары Абайдың өлмес өлеңдері мен әндерін орындап, сөз, музыка және хореография біртұтас көркем туындыға тоғысты. Бұл әсерлі сахналық көрініске 200-ден астам өнерпаз қатысты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қойылымды Қазақстан театр және кино өнерінің аңызы, КСРО халық артисі, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімов ашты. Ол Абайдың терең ойлы жырларын оқып, көрерменге сырлы сезім сыйлады. Онымен бірге сахнаға Тұңғышбай Жаманқұлов пен Саят Мерекенов шығып, өнер көрсетті. Бұдан соң «Жаңа ғасыр» театры мен «Салтанат» би ансамблі «Абай–Тоғжан» атты сахналық қойылым ұсынды.

Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Ғани Майлыбаев атап өткендей:
«Алматылықтар Абайдың мерейтойына арналған іс-шараларға белсене қатысуда. Бүгін таңертеңнен бастап Абай даңғылында орналасқан ақын ескерткіші маңына шамамен 5 мың адам жиналып, оның аңызға айналған әндерін орындап, гүл шоғын қойды. Сол күні кешке 200-ден астам артист Республика сарайы сахнасында Абай Құнанбайұлына арналған арнайы театрландырылған қойылым көрсетті. Жалпы, қала әкімдігінің бастамасымен мерейтой аясында 120-дан астам мәдени іс-шара ұйымдастырылып жатыр», — деді ол.

Сахнаға ерекше әсер берген көріністердің бірі «Sensitive» би театрының нөмірі болды. Есту қабілеті нашар өнерпаздар жүрек пен қимыл тілі арқылы Абайдың жыр жолдарын жеткізіп, залда отырған әр жанның көңілін толқытты.

Көрермендерді сондай-ақ 100 баладан құралған «Бозторғай» хорының «Біз – Абайдың ұрпағымыз» атты сахналық қойылымы тәнті етті.

Сахна төрінде Роза Рымбаева, Айгүл Қосанова, Венера Алпысбаева, «Алатау» дәстүрлі өнер театрының артистері, «Жетігеншілер», «IL CANTO» ансамбльдері және басқа да өнер ұжымдары өнер көрсетті. Көрермендер «Көзімнің қарасы», «Сегіз аяқ», «Айттым сәлем, қаламқас», «Желсіз түнде жарық ай» секілді қазақ мәдениетінің қазынасына айналған шығармаларды тыңдады.

Кештің шарықтау шегінде барлық қатысушы мен хор «Желсіз түнде жарық ай» әнін бірлесе орындап, мерекенің майлы нүктесін қойды. Мыңдаған көрермен рухани мұраға деген терең алғысты, Абайға деген шексіз құрметті бірге сезінді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті