Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстандық өнерпаздар «Цирк ханшайымы – 2025» халықаралық фестивалінде бас жүлдені жеңіп алды

Қазақстандық өнерпаздар «Цирк ханшайымы – 2025» халықаралық фестивалінде бас жүлдені жеңіп алды
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қазақстандық өнерпаздар «Цирк ханшайымы – 2025» халықаралық фестивалінде бас жүлдені жеңіп алды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстандық цирк артистері Жасмина Алшынбаева мен Авелина Гузей Ресейдің Саратов қаласында өткен XI Халықаралық цирк өнері фестивалі — «Цирк ханшайымы – 2025»-те ең жоғары марапат — Алтын тәжге ие болды.

2005 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан бұл айтулы фестиваль әлемнің түкпір-түкпірінен цирк өнерінің дамуына үлес қосқан әйел қауымының басын қосады. Биылғы байқауда Саратов мемлекеттік циркінің аренасында Мексика, АҚШ, Қытай, Қазақстан секілді 13 елден келген өнерпаздар өнер көрсетті. Жасмина мен Авелина қоюшы-режиссер Зарина Тапалованың жетекшілігімен «сақинада жұптаса өнер көрсету» жанрында қойылған «Әуе сферасы» атты жаңа нөмірін ұсынды. Бұл айтулы жеңіс Қазақстан цирк өнерінің әлемдік деңгейдегі кәсіби шеберлігі мен шығармашылық әлеуетіне айқын дәлел,-делінген хабарламада.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады