Алматыда Наурыз мейрамына орай көгалдандыру бойынша экологиялық науқан өтті. Іс-шараға қала әкімі Дархан Сатыбалды қатысты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қала тұрғындары, жастар және қоғамдық ұйым өкілдері Алатау ауданында 300-ден астам ірі жапырақты ағаш екті. Науқан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында өтіп, экологиялық мәдениетті дамытуға бағытталған.Биыл Алматыда шамамен 550 мың жасыл желек отырғызу жоспарланып отыр, сондай-ақ қоғамдық кеңістіктерді көркейту жұмыстары жалғасады.Бүгін, 13:00
Алматыда 300-ден астам ағаш егілді
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз