Алматыда қазан айынан бастап «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында ағаш отырғызу жұмыстары белсенді түрде жүріп жатыр, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазірдің өзінде 150 мыңнан астам көшет отырғызылды, ал маусымның соңына дейін тағы 132 мың ағаш пайда болады. Мақсат – жасыл желектердің тіршілік ету деңгейін арттыру, жасыл қорды сақтау және кеңейту, сондай-ақ Алматының экологиялық жағдайын жақсарту. Отырғызу жұмыстары ботаниктер мен ғалымдардың ұсыныстарын ескере отырып қолға алынған. 2023 жылы енгізілген жаңа көгалдандыру ережесі Алматы әкімінің тапсырмасы бойынша іске қосылды. Енді ағаштар үш жыл бойы күтімде болады, бұл өсімдіктердің қала жағдайына жақсы бейімделуін қамтамасыз етеді.18-11-2024, 14:22
Алматыда күзгі көгалдандыру: 150 мыңнан астам көшет отырғызылды
Фото: Астана қ.әкімдігі
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз