2025 жылы қалада шамамен 370 мың бұта мен 5100-ден астам ірі ағаш егілсе, 2026 жылы бұл көрсеткіш едәуір арта түспек. Биыл қала аумағында 500 мың бұта және 7200 ірі ағаш отырғызу жоспарланған, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ірі ағаштар екі кезеңмен, яғни көктем мен күзде егіледі. Сонымен қатар қалада кесілген ағаштың орнына көшет отырғызу да қарастырылған. Оның аясында шамамен 40 мыңға жуық ағаш егу көзделіп отыр.Ірі көлемді ағаш егу жобасы 2025 жылы басталған болатын.
Қазір бұл бастама сәтті жалғасып келеді.Осы көктемде жоспарланған 7200 ірі ағаштың 3744-і егілді. Қазіргі уақытта қалған ағаштар қалаға жеткізіліп, егу жұмыстарына дайындық жүргізіліп жатыр.Ауа райы қолайлы болған кезде егу жұмыстары кезең-кезеңімен жалғасады.
Жасыл желек негізінен қаланың магистральды көшелері мен қоғамдық кеңістіктерінде отырғызылмақ.Алматыны көгалдандыру жұмыстары жүйелі түрде жалғасып, қала тұрғындар үшін одан әрі жайлы әрі экологиялық тұрғыдан қолайлы мекенге айналып келеді.