Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Дархан Сатыбалды Алматыдағы жаңа скверді аралады

Дархан Сатыбалды Алматыдағы жаңа скверді аралады
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда Назарбаев даңғылы бойында жаңа сквер ашылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматыда Назарбаев даңғылының батыс бөлігінде, Ганди көшесінің солтүстігінде орналасқан жаңа сквер ресми түрде ашылды. Іс-шараға қала әкімі Дархан Сатыбалды қатысты.

Жаңа сквер қоғамдық кеңістіктерді дамыту бағдарламасының бір бөлігі ретінде жүзеге асырылып, жайлы қалалық орта қалыптастыруға бағытталған. Нысанның жалпы аумағы 4,16 гектар, оның шамамен үш гектары жасыл аймаққа тиесілі.Құрылысы барысында инженерлік және көркейту жұмысы толық көлемде орындалды. Сквер аумағына заманауи жарықтандыру және автосуару жүйелері орнатылды, 10 мың шаршы метрден астам жүргіншілер жолы төселді. Демалыс аймақтары жасақталып, 77 орындық және 52 қоқыс жәшігі қойылды.

Жасылдандыру жұмысы аясында барлығы 425 ағаш отырғызылды (оның ішінде 166 – қылқанжапырақты, 259 – жапырақты түрлер), сондай-ақ 590 бұта егілді (351 – қылқанжапырақты, 239 – жапырақты).

Сквердің ерекшелігі – жасанды тоған. Қыс мезгілінде ол сырғанақ айдыны ретінде пайдаланылатын болады. Бұл қала тұрғындары мен қонақтарына жыл бойы белсенді демалысқа мүмкіндік береді.Мамандардың айтуынша, көркейтуде климаттық жағдайларға бейімделген материалдар және экологиялық шешімдер қолданылған. Жаңа сквер қаланың орталық бөлігіндегі жасыл желек жүйесімен үйлесімді түрде астасып, тұрғындардың серуендеуі мен демалысына қолайлы орынға айналды.

Қоғамдық кеңістіктерді дамыту қалалық ортаның сапасын арттырып, жасыл аймақтарды көбейтуге және қала тұрғындары үшін белсенді демалыс мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал етеді.

Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасының мәліметінше, Алматыда саябақтар, скверлер және жасыл аймақтар құру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Қаланың барлық аудандарында серуендеуге және демалуға арналған жаңа орындар ашылып жатыр.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті